Кеше Ақорда төрінде Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтаған Мемлекет басшысы журналистерді қолдауға, әлеуметтік жағдайын жақсартуға баса мән берілетінін айтқан еді.

Кейінгі үш жылда Астана қаласында ғана 200 журналист баспаналы болса, енді бұл бастаманың ауқымы кеңейді. Президент тапсырмасымен биыл алғаш рет облыстарда жұмыс істейтін ақпарат саласының 66 қызметкеріне пәтер кілті берілді.
Біздің аймақта «Сыр медиа» серіктестігі директорының орынбасары Әзиз Батырбековке және «Қызылорда» телеарнасының телеоператоры Рамазан Жүсіпбекке пәтер кілттері табысталды.
Қоныстой құтты болсын!
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
