Жұма, 26 маусым, 10:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№47 (2259)
23.06.2026
PDF мұрағаты

«Мерейлі отбасы» байқауының комиссия отырысы өтті

26.06.2026

32 0

Фото: Қалалық Қоғамдық Даму Бөлімі

Қызылорда қаласы әкімдігінің мәжіліс залында «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық конкурсының қалалық кезеңі бойынша комиссия отырысы өтті.


Жиын барысында конкурсқа қатысуға өтінім берген отбасылардың құжаттары қаралып, белгіленген критерийлерге сәйкес сарапталды. Атап айтқанда, отбасылық дәстүрлер мен құндылықтар, ата-аналардың өнегелі өмір жолы, балалар мен немерелердің жетістіктері, бірнеше ұрпақтың бір шаңырақ астында өмір сүруі, отбасы мүшелерінің қоғамдық белсенділігі мен дарындары назарға алынды.
Биыл конкурсқа қала орталығынан, кент және ауылдық округтерден түрлі саланың өкілдері болып табылатын 22 отбасы қатысуға ниет білдірді.
Комиссия мүшелерінің шешімімен үздік деп танылған екі отбасының құжаттары конкурстың облыстық кезеңіне жолданатын болады.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы – отбасы институтын нығайтуға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және өнегелі отбасыларды көпшілікке үлгі етуге бағытталған маңызды жоба.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: