Дүйсенбі, 06 мамыр, 11:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Шиеліде соқтығысқан екі көлік жанып кетті

30.10.2022

545 0

Қызылорда облысында көше бойында соқтығысқан екі көлік толығымен жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 29 қазан күні сағат 10.40-та Шиелі кентіндегі Жолдасбеков және Ергешбаев көшелерінің қиылысында болған. Көше бойында соқтығысқан екі көлік те өртке оранды.

«Оқиға орнына №13 өрт сөндіру бөлімінен 5 қызметкер 1 техникамен барды. Cоқтығысу салдарынан «Audi 100» және «Daewoo Nexia» көліктері толығымен жанып кетті. Өрт сөндірілді. Оқиғадан қаза болғандар және зардап шеккендер жоқ», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: