Бейсенбі, 25 сәуiр, 06:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

ШҚО-да орман өртеніп жатыр: Тілсіз жау Риддердегі үйлерге жетті

11.05.2021

1110 0

Шығыс Қазақстан облысында орман өрті Риддердегі үйлерге жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Өртті сөндіруге тоқтаусыз соққан жел кедергі болуда.

«Өртті сөндіру екпіні 20 м / сек жететін қатты жел қиындатуда. Желдің салдарынан өрт Лесхоз кентінің 14 үйіне жайылды. Құтқарушылар Лихачев көшесінің 10 тұрғынын эвакуациялады.Өрттің ошағында, орманда орман шаруашылығы жеке құрамының, жергілікті атқарушы органдардың және ШҚО ТЖД өрт сөндірушілерінің 118 адамы және 20-дан астам техника жұмыс істеуді жалғастыруда. Қазіргі уақытта жанып жатқан орман алаңы 310 Га. өртті сөндіруге көмекке МИ-8 және МИ-2 авиа орман күзетінің 2 тікұшағы келді, 17 500 текше метр су төкті», – делінген ресми хабарламада.

Құтқарушылардың мәліметінше, зардап шеккендер бар. 

«Жедел жәрдем желісі бойынша Лесхоз кентінен 1949 және 1980 жылы туған екі ер адам күйік шалып, жергілікті ауруханаға, жансақтау бөліміне жеткізілгені туралы ақпарат келіп түсті. Полиция қызметкерлері төбеден 1948 жылы туған әйелдің мәйітін тауып алды, мән-жайлар мен деректер нақтылануда. Алдын ала нұсқа бойынша мамандар қасақана өрт қою және отты абайсыз қолдану нұсқаларын қарастыруда», – деп қосты ТЖД өкілдері. ​

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: