Бейсенбі, 25 сәуiр, 05:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Суға кету неге көп?

05.07.2022

507 0

Биыл облыс бойынша су айдындарында 21 адам суға кеткені анықталған. Оның  бала. Сондай-ақ құтқарушылардың көмегімен 7 адам құтқарылған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар орталығында өткен баспасөз конференциясында айтылды.

– Қазіргі таңда ТЖ департаменті қызметкерлері мен құтқару бөлімшелері қызметкерлері су айдындары мен балық аулайтын орындарда 1154 рейд өткізіп, 51702 адамға түсіндірме жұмыстарын жүргізген. Сонымен қатар күнделікті кестеге сәйкес Сырдария өзенінің қала аумағындағы жағалауларына қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында бекітілген іс-шара жұмыстары жүргізілуде. Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы облыс көлемінде заңсыз балық аулау бойынша 118 дерек анықтаған. Осыған сәйкес жеке тұрғындарға 1 млн 608 мың теңге айыппұл салынды. Оқушылардың жазғы демалысын тиімді өткізу мақсатында өңірімізде 9 тынығу лагері жұмыс істейді. Осыған орай департамент қызметкерлері лагерь басшылығымен жиын өткізіп, судағы қауіпсіздік бойынша жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бұл мақсаттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. Дегенмен әр адам өз қауіпсіздігін қатаң сақтауы тиіс, – деді облыстық ТЖД басқарма бастығы Асхат Тоғызбаев.

Расымен де, су тіршілік көзі, бірақ тілсіз жау. Осыны әрбір адам қаперінде ұстау керек. Ал балалар жазғы каникулда көбіне үйінде болғандықтан кейде ата-ананың бақылауынсыз су айдындарында шомылып, соңы қайғылы жағдайға соқтырып жатады. Сондықтан бала қауіпсіздігін де басты назарда ұстаған абзал. «Сақтансаң сақтайды» деп тегін айтылмаса керек. Брифингте айтылған басты ой осыған саяды.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: