Жұма, 26 сәуiр, 07:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Сырдарияда 18 мың гектарға Сыр салысы егіледі

05.05.2022

628 0

Сырдария ауданында 30 518 гектар егіс алқабына ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі. Негізгі дақыл – күріштің көлемі 18 520 гектарды құрайды. Одан бөлек, жаздық бидай мен мал азықтық дақылдарды орналастыру жоспарлануда. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің көшпелі баспасөз конференциясында Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Талғат Нұртазаев мәлімдеді.

– Бүгінде 5 мың гектар жерге күріш дақылы егіліп, 4 мың гектары суға бастырылды. Каналдар мен қашыртқылар бойына 50 насос қондырғысы орналастырылды. Сондай-ақ, суды аз қажет ететін дақылдар көлемі ұлғайтылды. Аудандағы барлық шаруашылықтарға су бармайтын жерлерде егін екпеу туралы ескерту жасалды, – деді аудан әкімінің орынбасары Т.Нұртазаев.

Сырдария ауданына қарасты Бесарық елді мекенінде көктемгі егін науқаны қызу жүруде. Мұнда 700 гектарға күріш дақылы егілмек.

– Биыл су тапшылығына байланысты 20 гектарға жүгері дақылы егілді. Қазіргі таңда егін егу жұмыстарына 30-дан астам техника жұмылдырылып, 9 насос іске қосылды, – деді «Абай Даулет» ЖШС агрономы Өтепберген Қалиев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: