Сейсенбі, 27 ақпан, 15:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№17 (2027)
27.02.2024
PDF мұрағаты

Танымал вайнерлер жарнамалаған қаржы пирамидасына алданғандар: Соңғы үйімді сатып, бес немереммен далада қалдым

25.04.2022

540 0

Танымал вайнерлерді тартып, жарнама жасатқан «Mudarabaһ capital» қаржы пирамидасына 2 миллиардқа жуық қаражат салған салымшылар Алматыдағы полиция департаментінің алдына жиналды. Басты талаптары істі тікелей Ішкі істер министрлігінің өзі қарасын деп отыр. Айтуларынша, нағыз алаяқтардың басым бөлігі бостандықта жүр, ал қамауға жазықсыз жандарды отырғызып қойған.

Қаржы пирамидасына салған қаражатымыздың ай сайын 20 пайызы көлемінде ақшасын алып отырамыз деп алданып қалған «Mudarabaһ capital»-дың салымшылары қылмыстық іс сиырқұйымшақтанып барады деп ашулы. Өйткені 1 ақпанда қылмыстық істі жүргізуден босатылған тергеуші әлі күнге дейін жәбірленушілерді тергеуге негізсіз шақырып жүр дейді. Қалтамызды қағып, өзімізді тақырға отырғызып кеткен нағыз кінәлілердің көбі бостандықта жүргені қынжылтып барады дейді. Сондықтан істі бас прокуратура немесе ішкі істер министрлігінің тергеу департаментінің қарауын талап етеді.

“Қаржы пирамидасының басқа да қатысушылары неге жазаланбайды, Сұлтанбаев Нұрлан, Ораз Әділет, Андрей Ча дегендер бар. Олар қайда? Олар біздің ақшаны алып алып, қазір бостандықта жүр. Тек Руслан Бурканов деген құрылтайшы отыр. Неге айти маманын үй қамаққа отырғызып қойған? Рүстемов Тимур деген кеңес беретін қызметкер ол не үшін отыр? Біз олардың үсінен арыз жазған жоқпыз. Ал тікелей қатысы бар Алмаз Құрманғалиевті денсаулығына байланысты үй қамаққа жіберген”, – дейді Алматы қаласының тұрғыны Бағила Досмайылова.

Соңғы бір үйім бар, сол үйімді сатып, кішкене үлкендетіп, балаларға әйтеуір, менің баламның бес баласы бар, сол бес баласымен мен қазір қаңғырып далада қалдым. Ақшаның бәрін салдым”, – дейді Алматы қаласының тұрғыны Айсұлу Тербетбаева.

Алматы қаласының полиция департаменті тергеудің әлі жүріп жатқанын айтты. Іс сотқа жіберілмей тұрып, тағы бірнеше адам қолға түсетінін мәлім етті.

“Қазіргі таңда 11 күдікті анықталды. Соттың санкциясымен олардың екеуі қамауға алынды, тағы екеуі үй қамағында. Екі тағы адам іздеуге жарияланды. Қалғандары іс материалдары бойынша сезікті боп танылуда”, – дейді Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз өкілі Салтанат Әзірбек.

Қазір нақты шығын мөлшерін анықтау үшін жүргізіліп жатқан экономикалық сараптаманың қорытындысы әлі дайын емес екен.

Күдікті деп танылған азаматтардың барлығының дүние-мүліктері мен есепшоттары арестке қойылған.

Дереккөз: Инфорбюро

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: