Бейсенбі, 22 сәуiр, 06:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (1733)
20.04.2021
PDF мұрағаты

Түркияда әскери тікұшақ құлады. Қаза тапқандар бар

05.03.2021

381 0

Түркия шығысында әскери тікұшақ апатынан 11 сарбаз, оның ішінде бір генерал қаза тапты. Тағы екі адам жарақат алды. Бұл ақпаратты елдің Қорғаныс министрлігі растады, – деп хабарлайды Анадолу.

Қаза тапқандардың бірі – түрік құрлық әскері 8-корпусының командирі генерал Осман Эрбаш.

Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 16.55-те Бингельден Татванға ұшқан «Кугар» типті тікұшақпен байланыс жарты сағаттан кейін үзілді. Іздеуге ұшқышсыз ұшатын аппарат, CN-235 ұшағы және тікұшақ жіберілген. Нәтижесінде тікұшақ құлағаны анықталды. Оның құлаған жерінде тоғыз мәйіт және жарақат алған төрт адам табылды. Кейін қаза болғандар саны 11-ге артты.

Түркия президенті әкімшілігінің хабарына қарағанда, қорғаныс министрі Хулуси Акар президент Тайып Ердоғанға осы оқиғаны жеткізген. Акар Түркияның штаб бастығы және құрлықтағы әскер қолбасшысымен бірге оқиға орнына барды.

Тікұшақ апатының мән-жайын тергеу басталды. Әскери ақпарат көздеріне сәйкес, апатқа техникалық ақаулар және ауа райының қолайсыздығы себеп болуы мүмкін.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: