Сейсенбі, 23 сәуiр, 12:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

ТЖМ басшысы жарылыстан қаза тапқандардың марапатын түсіндірді

29.08.2021

727 0

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Жамбыл облысындағы жарылыстар салдарынан қаза тапқандар неге түрлі наградалармен марапатталғанын түсіндірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz .

«Біріншіден, Жамбыл облысындағы қайғылы жағдайда қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын, бүгінгі таңда 13 адам қаза болды.

Өкінішке қарай, үш адамның мәйіті әлі анықталмады, жарылыс ошағында тағы үш адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Сондықтан, қазір Мемлекет басшысының жарлығымен Төтенше жағдайлар, Қорғаныс министрліктерінің анықталған қызметкерлері ғана марапатталды.

Қалған қызметкерлер ДНҚ-сараптамасымен анықталып немесе денесі табылғаннан кейін мемлекеттік наградалармен марапаттауға ұсынылады», – деді Юрий Ильин.

Бұл ретте министр Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа қызметкерлердің ісіне жоғары баға бергені үшін ризашылығын білдірді.

«Өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары «Халық хақарманы» атағын алды. Ол бірінші жарылыс болған кезде эвакуациялық жұмыстарды жүргізіп, өртті сөндірудің ұйымдастырылуын бақылады. Оқиға орнында болған қызметкерлердің сөзінше, ол бірнеше адамды қауіпті аймақтан алып шықты. Содан кейін екінші күшті жарылыс болып, ол қаза тапты», – деді Юрий Ильин.

Сондай-ақ, ТЖМ басшысы барлық офицер бірінші дәрежелі «Айбын» орденімен, ал қатардағы қызметкерлер үшінші дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталғанын айтты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: