Сенбі, 20 сәуiр, 03:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Ұялы телефон иесіне қайтарылды

30.12.2021

713 0

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Ұрлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру бағытында басқарма қызметкерлері күнделікті профилактикалық шаралар өткізуде. 27 желтоқсан сағат 21:41 шамасында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының полицейлері қала аумағында орналасқан мәдениет үйінің бірінші қабатында сахнасында тұрған «Iphone11» үлгісіндегі ұялы телефонын ұрлап кеткен ұрыны іздеу жұмыстарымен айналысты.

Ұрлыққа қарсы бағдарлама барысында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлерімен ұялы телефонды ұрлаған қала тұрғыны ұсталды. Жәбірленушіге ұялы телефоны қайтарылып, ол басқарма қызметкерлеріне өз алғысын білдірді.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: