Сенбі, 20 сәуiр, 18:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Заңсыз аң аулау тиылмай тұр

07.12.2021

691 0

Әлде көзсіз құштарлық, әлде тегін олжаға қарық болуды көздегендік пе, өңірде заңсыз аң аулау оқиғалары тиылмай тұр.

Жаңақорған ауданы  Кейден ауылының батыс жақ беткейінде орналасқан «Қара сопы» деп аталатын жерде түнгі уақытта тәртіп сақшылары  жабайы қоянды заңсыз аулаған Жаңақорған ауданы­ның үш тұрғынын ұстады. Заттай дәлелдеме ретінде браконьерлерден 12 ка­либрлі 2 аңшылық мылтық, прожектор мен қоянның еті алынды.

Қазіргі кезде аталған заңсыз аңшылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеті жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Аймақ полицейлері азаматтарды табиғатты қорғауға шақырады және жабайы жануарлар мен өсімдіктерді, оның ішінде Қызыл кітапқа енгізілгендерді заңсыз аулағаны үшін жауап­кершілік қарастырылғанын еске салады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: