Дүйсенбі, 15 шiлде, 20:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№55-2065
13.07.2024
PDF мұрағаты

Жамбыл облысындағы жарылыс: тұрғындар эвакуацияланып жатыр

26.08.2021

1146 0

Жамбыл облысы Байзақ ауданында әскери қоймада болған жарылыс қаупіне байланысты жақын маңдағы үй тұрғындарын эвакуациялау басталды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі өкілдері мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz .

«Байзақ ауданындағы әскери бөлімде 19.00 шамасында қоймалардың бірінің маңында өрт шықты. Бөлімнің өрт сөндірушілері іске кірісті. Оларға Жамбыл облыстық ТЖД өкілдері көмектесіп жатыр. Өрттің бір бөлігін оқшаулау мүмкін болды. Бұған қарамастан, өрт кезінде белгісіз заттар жарылды. Өрт шыққан орынды оқшаулау жұмыстары жалғасып жатыр. Өрт себебі анықталып жатыр. Қоймаларда инженерлік қару-жарақ сақталған. Олар алысқа ұшпайтын заттар», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, халықтың қауіпсіздігі мақсатында жақын маңдағы үй тұрғындарын эвакуациялау ұйғарылды. Оқиға орнына қорғаныс министрінің орынбасары бастаған комиссия аттанды. Олар ТЖ салдарын жоюмен айналысатыны айтылады.

Мұның алдында Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі әскери қоймадан өрт шыққанын растаған еді.

«Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Өрт салдарынан белгіленбеген заттар жарылды. Өртті сөндіруге бөлімнің өрт сөндіру командалары, шынжыр табанды өрт сөндіру машиналары тартылды. Оларға Жамбыл облысы бойынша ТЖД өрт сөндірушілері көмек көрсетіп жатыр», – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Кейін куәгерлер әлі де жарылыс болып жатқанын хабарлаған. Куәгерлердің айтуынша, әскери қойма жақтағы жарылыстар әлі де жалғасып жатыр. Жарылыс тіпті Тараз қаласы тұрғындарына естілген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: