Сенбі, 04 мамыр, 21:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Аймақ басшысы тұрғындарды Абай күнімен құттықтады!

10.08.2023

432 0

Қадірлі жерлестер!

Баршаңызды бүгінгі Абай күнімен шын жүректен құттықтаймын!⁣⁣ Осыдан 3 жыл бұрын бас ақынға ғана емес, қазақ әдебиеті мен мәдениетіне, білімі мен ғылымына, тұтас ұлт руханиятына көрсетілген зор құрмет ретінде бағаланған бұл күннің Мемлекет Басшысының шешімімен арнайы мереке болып белгіленуі – қазақ үшін тарихи оқиға, зор қуаныш және ұлттық құндылықтарды ұлықтаудың жаңа белесі, елдік пен егемендіктің жарқын көрінісі болғаны рас. Өйткені санамызды жаңғыртып, сапамызды арттыруда Абай еңбектерінің алар орны ерекше. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Абай – рухани реформатор» атты мақаласында ұлы ойшылдың ілімі қазіргі бірқатар бағыттарға орайлас келетініне назар аударып, елді білім игеруде, тәрбие мәселесінде, жаңа кәсіп үйренуде және ынтымақ-бірлікте Абайға жүгінуге шақырды. Расында да, ұлт ұстазының ұлағаты – ешқашан маңызын да, құндылығын да жоғалтпайтын өнеге, өшпес өсиет деп білемін.Дәстүрлі сипат алып, халықтық мерекеге айналып келе жатқан бұл күн арқылы ғұламаның шығармалары қазіргі заманның талаптары мен тетіктерін ескере отырып, кеңінен насихаттала бермек. Абай айтқан ізгі құндылықтар өміршеңдігін жоймай, елімізді жаңа биіктерге көтеретініне сенемін.Мереке құтты болсын!

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: