Жұма, 26 сәуiр, 17:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Ауыл шаруашылығын ғылыммен байланыстырмай нәтиже шығару қиын

02.10.2021

789 0

Аптаның сәрсенбісінде қалалық мәслихаттың сессиясы өтті. Халық қалаулылары бас қосқан жиында қала әкімі Ғанибек Қазантаев баяндама жасап, алдағы уақытта атқарылар жұмыстарды саралады.

Сессия отырысына қалалық мәслихат хатшысы Ибадулла Құттықожаев төрағалық етті.

Жиында қала әкімі Қызылордада атқырылған жұмыстар мен алдағы жоспарлары жөнінде хабарлама жасады. Шаһар басшысы қаладағы өзекті мәселелерді тиек етіп, депутаттардың ұсыныстары 2021-2023 жылдарға арналған қаланың 3 жылдық даму жоспарында көрініс табатындығын жеткізді.

Күн тәртібіндегі екінші мәселеге орай, қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Н.Әзірбек баяндама жасап, агроөнеркәсіп кешенін дамыту мен жақсарту шараларына тоқталды.

Халық қалаулылары да күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты өз ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Сессия барысында «Қызылорда қаласында агроөнеркәсіп кешенін дамыту мен жақсарту шаралары туралы» мәселесін сессияға дайындау жөніндегі, уақытша комиссия төрағасы, қалалық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының жетек-шісі Ж.Нұрымбетов қосымша хабарлама жасады. Ол егіс, бақша, мал шаруашылықтарының ғылыммен байланыста жұмыс жасамай-тыны, шаруашылықтарды субсидиялауда кездесетін кедергілердің көптігі және субсидиялау қаражаты мақсатты жұмсалмауы мен мардымсыздығы, ет өнімділігін арттыру, мал тұқымын асылдандыру, ауыл шаруашылығын әртараптандыру мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бақша дақылдарының ерте пісетін түрлерін егіп, жергілікті нарыққа жіберу, өндірілген өнімдерді сақтайтын, өткізетін логистикалық орталықтың жоқтығы, еліміздегі су тапшылығы мен қуаңшылыққа байланысты тамшылатып суландыру әдісін өндіріске кеңінен енгізу, шабындықтарды қолдан суландыру секілді мәселелер бойынша ұсыныстар білдірді.

Сессияға арнайы қатысқан облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов сөз сөйлеп, атқарылып жатқан жұмыстың аз еместігін тілге тиек етті.

А.АҚЫЛБЕК

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: