Дүйсенбі, 25 қараша, 04:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» байқауының жеңімпаздары анықталды

20.09.2023

723 0

Бүгін Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Журналистер мен сарапшылар клубының ұйымдастыруымен этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» шығармашылық байқауының өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Шарада облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бақытжан Камалов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне этносаралық татулық пен бірліктің нығаюына қосқан елеулі еңбектері үшін ризашылығын білдірді. Жыл сайын Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен барлық өңірлерде ел бірлігін сақтау жолында, қоғамдық келісімді одан әрі нығайту ниетінде кеңінен қалам тербеп жүрген ақпарат құралдарының өкілдері арасында дәстүрлі түрде шығармашылық байқаулар өткізіліп келетіндігін, біздің өңірде 7-ші рет өтіп жатқандығын атап өтті.
Мұнан соң Журналистер мен сарапшылар клубының 9 айда атқарған жұмысының көрінісі негізінде арнайы бейнеролик көрсетілді.
Бұл байқауда қазылар алқасының құрамында белді де беделді, өз саласының білгірлері «Хабар24» телеарнасының Қызылорда облысы бойынша меншікті тілшісі Нұрлан Жақыпбеков, Журналистер мен сарапшылар клубының төрайымы, Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы Елена Рыбина және қалалық «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторының орынбасары Гүлмира Ділдәбекова болып, барлық шығармашылық жұмыстарды қарап, саралап тиісті бағаларын қойды.
Нәтижесінде, әділ қазылар алқасының шешімі бойынша «Ең үздік мақала» номинациясы бойынша облыстық «Сыр бойы» газетінің тілшісі Ержан Қожас, «Үздік бейнесюжет» номинациясы бойынша «Қазақстан» ұлттық телеарнасының Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі Әділбек Жақанов, «Үздік фоторепортаж» номинациясымен «Сыр медиа» ЖШС фототілшісі Нұрболат Нұржаубай, «Ынтымақ жаршысы» номинациясымен «Хабар24» телеарнасының Қызылорда облысындағы телеоператоры Нұржан Музарапшин, «Бірлік жаршысы» номинациясымен «Қазақстан» ұлттық телеарнасының Қызылорда облысындағы телеоператоры Нұрлыбек Нұрмаханов, «Достық жаршысы» номинациясымен «Qyzylorda TV» телеарнасының журналисі Лемара Иргайбаева марапатталды. Барлық жеңімпаздарға ақшалай сертификаттар мен Алғыс хаттар табысталды.
«Үстіміздегі жылдың 1 наурызынан бастап байқауға бірнеше өтінімдер келіп түсті. Республикалық, облыстық, қалалық, аудандық телеарна мен баспасөзден 27 өтінім қабылданып, қаралды. Жыл сайын байқауға қатысушылардың саны көбейіп, шығармашылық жұмыстардың сапасы артуда»,- деп атап өтті Журналистер мен сарапшылар клубының төрағасы Елена Рыбина.
Ал бұл жылғы байқаудың ерекшелігіне «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Айбек Дайрабай тоқталып өтті.
«Өңірлік «Шаңырақ» шығарашылық байқауына этносаралық қатынастар тақырыбында қалам тербеп жүрген журналистермен қатар фотографтар, операторлар мен монтажерлер, яғни техникалық қызметкерлер де қатысуда. Бүгін міне Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Журналистика» мамандығы бойынша білім алып жүрген студент жастарда шараға келіп отыр. Алдағы уақытта студенттер де қоғамдық келісімді насихаттау бағытында қалам тербейді деген сенімдеміз», – деді.
Сондай-ақ, облыстық ҚХА жанындағы Журналистер клуб мүшелері Ержан Қожас пен Әділбек Жақанов байқау ұйымдастырушыларына алғысын білдірді. Ақпараттық қолдау білдіруге әрдайым дайын екендерін алға тартты.
Еске сала кетейік, байқаудағы үздік шығармашылық жұмыстар Астана қаласында өтетін республикалық байқауға қатысу үшін жіберілетін болады.

«ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КММ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: