Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 23:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда алып құрылыс алаңына айналды

29.10.2022

1021 0

Соңғы онжылдықтың бедерінде Алашқа ана атанған Сыр өңірінде құрылыс қарқыны бәсеңдеген емес. Тәуелсіздік жылдары облыс аумағында 300-ден аса білім беру және денсаулық сақтау нысандары салынды. Қазіргі заманға лайықталған соңғы үлгідегі технологиялармен  жабдықталған медициналық, диагностикалық және қайта сауықтыру орталықтары бой көтерді. Көпқабатты тұрғын үйлер көбейді. Бірнеше шағын аудан мен кварталдар бой көтерді. Бір сол жағалаудың өзі осы сөзімізге дәлел бола алады.

Сыр өзенінің қос қапталын алып жатқан қалада биыл да қарқынды құрылыс жүруде. Қалалық құрылыс бөлімі берген мәліметке сүйенсек, биыл құрылыс жобаларын салуға 18 348,7 млн теңге  бөлінген. Оның ішінде тұрғын үй құрылысына 8 070,1 млн теңге, инженерлік жүйелер жүргізуге 3 653,9 млн теңге, сумен жабдықтауға 2 239,8 млн теңге, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Қарауылтөбе, Талсуат ауылдық округтерінде 150 орынды клуб салуға 574,2 млн теңге, газ жүйесін жүргізуге 2 664,3 млн теңге, пәтер сатып алуға 1 100,9 млн теңге, мемлекеттік органдардың объектілерін дамытуға 6,9 млн теңге, әлеуметтік қамтамасыз ету объектілеріне 13,6 млн теңге, қаланы абаттандыруға 24,9 млн теңге қаралған.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында СПМК-70/2 тұрғын ауданында ипотекалық 50 пәтерлі  көпқабатты 10 тұрғын үй және Сырдария өзенінің сол жағалауында  көпқабатты 11 тұрғын үй салынуда. Оның ішінде 50 пәтерлі  көпқабатты 6 тұрғын үй және 40 пәтерлі  көпқабатты 4 тұрғын үй мен 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұл нысандар жыл аяғына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде. Аталған тұрғын үйлерді инженерлік инфрақұрылыммен қамтуға бюджеттен 1,2 млрд теңге қаралған. Мамандар құрылыс жұмыстарын жыл соңына дейін аяқталады деп отыр. Бұдан бөлек жеке инвесторлар есебінен 18 үйдің құрылысы жүргізілуде.

– «Тұрғын үй құрылысын салу» бағдарламасы аясында өткен жылы басталған СПМК-70/2 тұрғын кварталында 50 пәтерлік ипотекалық 10 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Сырдария өзенінің сол жағалауы №2 тұрғын кварталында 50 пәтерлік №34 тұрғын үй кезекте тұрған отбасыларға беріледі. Сонымен қатар Сырдария өзенінің сол жағалауындағы №2-ші шағын ауданында барлығы 470 пәтерді құрайтын ипотекалық 10 тұрғын үй құрылысын бастауға облыстық ішкі көздері кредиттер есебінен қаржы бөлініп, мердігер мекемелер анықталды. Бұл тұрғын үйлер 2023 жылы тапсырылады, – деді қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Әнуар Айдын Серікұлы.

Дария жағасында орналасқан қалада бұдан да бөлек қаншама құрылыс бар. Соның бір дәлелі ретінде «Неке сарайы», «Өнер орталығы», «Қан орталығы» сынды іргетасы қаланған алып құрылыс нысандарын атап өтуге болады. Жылу электр станциясының да іргетасы қаланғанын көпшілік жақсы біледі. Бұған ондаған балалар спорттық ойын алаңдарын қосыңыз. Осыған қарап-ақ облыс орталығының алып құрылыс алаңына айналғанын аңғаруға болады.

Азиз Батырбеков

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: