Бейсенбі, 28 наурыз, 21:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда да шағын және орта бизнес субъектілерінің саны артқан

18.11.2021

1251 0

Қызылорда облысында өнеркәсіп өнімі өндірісі  оның ішінде өңдеу саласы сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі көбейген. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны өсіп, құрылыс жұмыстары мен пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі де артқан. Бұл туралы ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникация қызметінде Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова айтты.

Аймақ басшысының айтуынша биыл 2408 пәтерлік 110 тұрғын үйдің  құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның ішінде Байқоңыр қаласында 250 пәтерлік 5 тұрғын үй бар. Жыл аяғына дейін 1608 пәтерлік 94 тұрғын үй пайдалануға берілетін болады.

«Облыс экономикасына оның ішінде өңдеу өнеркәсібіне тартылған инвестиция көлемі артты. Жұмыс істеп тұрған кен орындарының сарқылуына байланысты мұнай өндіру көлемі қысқаруда. 2007 жылы өңірде ең жоғары өндіру көлемі 11,7 млн. тоннаны құрады. Ағымдағы жылы болжам бойынша 4,2 млн.тонна мұнай өндіріледі. Жаңа кен орындарын іздеу мақсатында биыл Арал теңізі акваториясының «Батыс» және «Шығыс» учаскелерін, сондай-ақ, Сырдария шөгінді бассейні аумағының бір бөлігін сейсмикалық барлау бойынша жоба-сметалық құжаттама әзірлеу аяқталады. 2022 жылы сейсмикалық барлау жұмыстары басталатын болады», – деді Гүлшара Наушақызы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: