Қызылорда облысының прокуроры Н.Бижанов және прокуратура қызметкерлері Ұлы Отан соғысында шейіт болған жауынгерлердің рухына тағзым етіп және Жеңіс күніне арнап мәңгілік алауға гүл шоғын қойды.
Қиян кескі соғыста Отан үшін от кешіп, жанын берген аталарымыздың ерлігін еске алып, бір минут үнсіздікпен құрмет көрсетті. Ұлы Отан соғысы жылдарында прокурорлық-тергеу кадрлары Отанды қорғауда майдандастарымен бірге өшпес ерліктерімен есте қалды.
Соғыс басталғаннан кейін 1942 жылдың тамыз айында еліміз бойынша 885 прокуратура қызметкерлерінің 411-і Қарулы Күштер қатарына шақырылып, соғысқа аттанды. Көптеген прокурорлар майдан даласынан оралмады.
Соғыс аяқталған соң прокуратура қызметкерлері барлық салада, әсіресе ауыл шаруашылығын қалпына келтіру бағытында белсенді жұмыс істеді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!