Статистикалық мәліметке сәйкес, Қызылорда қаласында 2022 жылға 321 мың 008 халық болса, оның ішінде 68 мың 705 жас (ауыл жастары 8 219) 14 пен 29 жас аралығындағы жастар. Бұл қала халқының 21,4 пайызын құрайды.
Міне, сол жастар саясатын дамытуға өңірде 2022 жылы 16 млн. 694 мың теңге қаржы қаралып, бөлінген қаржыға алты әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда. Қала жастарына «Qosyl» деген атпен танымал болған қалалық жастар ресурстық орталығының қызметін 2022 жылдың тоғыз айында 9 952 жас пайдаланған. Жастардың сұранысына орай орталықта Wі-Fі, коворкинг орталығы, спорттық секциялар, креатив фото-видео студиясы, би залы және жастар ұйымдары кабинеті тегін қызмет көрсетуде.
Орталықта 2022 жыл басынан бері 110 шара атқарылса, шараларға қамтылған жастар саны – 8 945 адамға жеткен. Тұрақты қамтылған жастар саны – 1200, орталық қызметіне жүгінген жастар саны – 9 952, жастар ресурстық орталығының мамандарынан кеңес алған (онлайн/офлайн) жастар саны – 5000, «Telegram bot» қызметіне жүгінген жастар саны – 8000.
Жыл басынан бастап орталықтың 5046 оқырманы бар «qosyl.mrc» инстаграм парақшасында 160 пост, 40 түрлі тақырыптағы бейнероликтер, мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды насихаттауға бағытталған 7 тікелей эфир, 4445 оқырманы бар фейсбук парақшасында 248 пост және телеграм арнасында 80 пост жарияланған. Одан бөлек жастардың әлеуетін арттыруда «jumys.bar» инстаграм парақшасының септігі мол. Себебі бұл парақшада 107 бос жұмыс орындар вакансиясы орналастырылып, қала жастарының жұмыспен қамтылуына жағдай жасалған.
Аслан НҰРАЗҒАЛИ
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!