Сейсенбі, 23 сәуiр, 12:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада Наурыз мерекесіне орай жәрмеңке ұйымдастырылды

23.03.2021

4153 0

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай облыс орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Таңғы сағат тоғыздан жәрмеңкеге ағылған жұрттың қарасы көп болды. Өйткені, мұндағы баға нарықтағыдан 15-20 пайызға арзан. Жәрмеңкеге барлық аудан мен қаладағы шаруашылықтар тауарларын әкелді. Бастысы, табиғи таза өнім. Сондықтан сұраныс жоғары. 100-ге жуық көлікке тиелген 250 тоннадан астам өнім саудаланды. 50 тоннадан астам күріш, 40 тоннаға жуық картоп, 15 тоннадай асқабақ, 80 тоннадан астам көкөніс пен жеміс-жидек өнімдері, 7 тонна шамасында ет, 15 тонна балық және 20 тоннаға жуық жем-шөп сатылды.

Қала тұрғындары бір-бірін Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп, ақжарма тілектерін жеткізді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: