Жұма, 29 наурыз, 05:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада жыл басынан бері 42 адам хабар-ошарсыз кеткен

10.08.2021

1253 0

Қызылорда қалалық Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Оспанов Азамат Айдуллаұлы қазіргі таңда белең алып тұрған «Жасөспірімдердің үйден белгісіз бағытқа кетіп қалуы» және «Масаң күйде көлік тізгіндеген жүргізушілер» тақырыптары аясында «Фейсбук» әлеуметтік желісінің тікелей эфирі арқылы түсіндірме беріп, қала тұрғындарын абай болуға шақырды.

Жалпы, нақты ақпараттық деректерге сүйенер болсақ, жыл басынан бері кәмелетке толмаған жасөспірімдер Қызылорда қаласы бойынша хабар – ошарсыз кеткендер саны 42 адам. Оның ішінде атап айтар болсақ 33 – і екі тәулікте табылған, 2 – нің мәйіті табылған. Өз – өзіне қол жұмсау фактісі бойынша барлығы – 5.

Жүргізушілердің арасындағы ең көп таралған әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірі көлікті мас күйінде жүргізу екендігі бәрімізге мәлім. Жыл басынан бері масаң күйде көлік тізгіндеген жүргізушілер саны – 291. Оның ішінде қарама – қарсы бағытқа шыққандар – 150, соқтығу сәтін туғызғандар саны – 125 жүргізушілерді құрайды.

Көлік құралын мас күйінде жүргізгені үшін әкімшілік қамау, яғни уақытша бас бостандығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза қолданылатынына қарамастан, жүргізу құқығынан айрылған адамдардың осы жағдайға жеңілтектікпен қарауы. ас күйінде көлік құралын жүргізу өкінішті жағдайға әкелуі мүмкін екенін естен шығармағанымыз абзал.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: