Сенбі, 27 сәуiр, 02:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Темір жол паркі пайдалануға берілді

15.02.2021

7288 0

Бүгін қала әкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов қаладағы абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатқан бірқатар нысандарды аралады. Аралауда алдымен қайта жаңғыртудан өткен «Темір жол паркінің» салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

«Темір жол» саябағына «Жұмыспен қамту Жол картасы» аясында қайта жаңғыртылды. Мұнда қала тұрғындары үшін волейбол, баскетбол, теннис және спорттық жаттығу алаңдары мен субұрқақ салынған.

Ашылу салтанатында сөз алған Асқарбек Темірбекұлы жаңарған саябақтың заманауи кескініне ерекше тоқталып, ескінің естеліктерін көненің көзіндей сақтап, бүгінгі күнге маңызын жоғалтпай жеткізген құрылысшыларға алғыс білдірді. Сонымен бірге саябақ ел игілігіне ұзақ жылдар қызмет етіп, келушілерге қолайлы демалыс ортасына айналарына сенім білдіретіндігін жеткізді.

Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадионның аумағын абаттандыру қалада атқарылып жатқан ауқымды жұмыстардың бірі. Қазіргі таңда 9 мың шаршы метр жерге кеспе тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. Келесі кезекте орындықтар мен түнгі жарық шамдарды орнату жұмыстары жүргізілмек. Аталған аумақты жаңғыртуға 65 адам жұмысқа тартылып, құрылыс жұмыстарын маусым айында аяқтау жоспарлануда.

Жұмыстардың жоспарға сай жүргізіліп жатқандығын көрген қала әкімінің орынбасары құрылысқа қолданылып жатқан өнімдердің барлығы отандық өнім екендігін атап өтті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: