Бейсенбі, 22 сәуiр, 06:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (1733)
20.04.2021
PDF мұрағаты

Тосын сый: Шынайы күлімдеген жүздер

05.03.2021

5493 0

Бүгін қала әкімінің орынбасары Нуридинов Бектас Балғабайұлы шұғылалы көктемнің  мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай қала тазалығын қамтамасыз етуде мүлтіксіз қызмет етіп жүрген нәзік жандыларды мерекемен құттықтап барды.

Кез-келген әйел затын қуанышқа бөлейтін мерекенің басты символы саналатын гүл ұсынып, тосын сый жасады.

Қала әкімінің орынбасары еңбектің нағыз үлгісін көрсетіп жүрген тазалық сақшыларына қала әкімінің алғысын жеткізіп, ізгі тілегін арнады.

Бұдан бөлек, Бүгін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов 8 наурыз – халықаралық әйелдер мерекесіне орай кәсіпкерлік және медицина саласында еселі еңбегімен ерекшеленген бірқатар нәзік жандарды қабылдап, қала әкімінің мерекелік құттықтауын жеткізді.

Айтулы мереке қарсаңында Бектас Балғабайұлы табысты қызмет етіп жүрген аруларды қала әкімінің алғыс хатымен мараттап, ел өмірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген қыз-келіншектеріміздің еңбектерінің жемісі молая беруін тіледі.

Шара барысында Бектас Балғабайұлы «Хикмет» қайырымдылық қорына қала әкімінің арнайы алғысын жеткізіп, қайырымдылықтың шынайы үлгісін көрсетіп, аз қамтамасыз етілген отбасылардың қуанышын еселеуде ұйытқы болып жүрген  азаматтардың еңбегін ерекше атап өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: