Жексенбі, 08 желтоқсан, 14:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Жылу беру маусымы тұрақты өтуде

06.11.2022

895 0

Өңірде жылу беру маусымы жоспарға сәйкес тұрақты өтуде. Бүгінде 1064 әлеуметтік нысан мен 840 көпқабатты тұрғын үй толығымен жылу жүйесіне қосылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Қайсар Мұстафаев хабарлады.

-Қазіргі таңда тіршілікті қамтамасыз етуші кәсіпорындар күнделікті штаттық режимде жұмыс істеуде. Облыстағы әлеуметтік нысандар мен көпқабатты тұрғын үйлерде жылу беру маусымы тұрақты жүргізілуде. Биыл жылу беру маусымына қажетті 176,2 мың тонна көмірдің 90 пайызы жеткізілді. Сонымен қатар, облыс бойынша 280 әлеуметтік нысан сұйық отынмен толық қамтамасыз етілді, – деді басқарма басшысының орынбасары Қайсар Мұстафаев.

Қала бойынша барлығы 815 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның ішінде 711 тұрғын үй орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылса, қалған 104 үй қазандықтармен жылытылады. 

– Қызылорда қаласы бойынша жылу желілерінің жалпы ұзындығы – 190,02 км құрайды. Биылғы жылу маусымы барысында  жоспарланған жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сай жүргізіліп, 100 пайызға орындалды. Ал қаланың сол жақ жағалауындағы жылу желілеріне гидравликалық сынақ жұмыстары жүргізілді. Тексеріс барысында анықталған ақаулар қалпына келтіріліп, жылу жүйесіне қосылды. Сонымен қатар қала бойынша 37 мың тонна қатты отын қажет болса, қазіргі таңда оның 78 пайызы қамтылды. Жылу маусымы аяқталғанша тиісті жұмыстар жүйелі түрде жалғасатын болады, – деді Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ басшысының орынбасары Дархан Бақтияров.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: