Сенбі, 27 сәуiр, 06:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

1 маусымнан бастап Қызылордада 9 тынығу лагері жұмысын бастайды

01.06.2022

1432 0

Биыл Қызылорда облысы бойынша 1-10 сынып аралығындағы 169 263 баланың 100 мыңнан астамы жазғы тынығу лагерьлерінде демалатын болады. 1 маусымнан бастап аймақтағы 9 тынығу лагері өз жұмысын бастайды. Бұл туралы Қамбашта өткен көшпелі брифингте облыстық білім басқармасы тәрбие бөлімінің бас маманы Жадыра Шариева хабарлады.

Қызылорда облысында биылғы жылы 7 мемлекеттік және 2 жеке жазғы тынығу лагерьлері балалар үшін жұмыс жасайтын болады. Аталған лагерьлер 7 ауысымда 8 260 бала тынығады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, 1 маусым күні «Жазды қуанышқа толтырайық!» тақырыбымен облысымызда барлық сыртқы, қосымша білім беру ұйымдары және мектеп жанындағы күндізгі тынығу лагерьлерінің кең көлемде ашылу салтанаттары ұйымдастырылады.

Мектеп туризмін жандандыру бойынша өңірдегі тарихи-мәдени ескерткіштерге 32 мыңнан астам оқушы саяхаттайды. Сонымен қатар жаз маусымында 5 мың баланы облысымыздағы меценаттар мен демеушілер есебінен демалдыру, Нұр-Сұлтан қаласына экскурсиялау жұмыстары да жүзеге асырылады. Жазғы уақытта балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында аулалық клубтар, бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын қалыптастыру, зияткерлік, дебаттық, техникалық, өнер, тілді шеберлігін дамыту бағыттарында оқушылар кең көлемде қамтылады. Айта кетейін, экскурсиялар кезеңінде балалардың қауіпсіздігін сақтау және түрлі төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша тиісті шаралар қабылданып, арнайы медициналық көмекпен қамтамасыз етілетін болады.

Айта кетейік, аймақта 270 мектеп жанында тамақпен және тамақсыз күндізгі тынығу лагерлерінің жұмысы жүргізіледі. Мұнымен қоса, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 31 мың баланы сауықтыру демалысымен, саяхаттармен қамту бағытында қолдау шаралары бірінші орында ұйымдастырылатын болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: