Дүйсенбі, 15 шiлде, 20:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№55-2065
13.07.2024
PDF мұрағаты

126 тонна көкөніс қоқысқа лақтырылған: Қызылордада қойма басшысы жұмыстан қуылды

30.05.2023

980 0

АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. Қызылорда қаласында әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның басшысы жұмыстан қуылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұған дейін әлеуметтік желіде қаланың қоқыс полигонында түсірілген видео тарады. Онда шіріген картоп, сәбіз бен қырыққабаттың үйіліп жатқанын анық көруге болады. Автордың айтуынша, қоқысқа кеткен көкөністің бәрі әлеуметтік дүкендерге арналған. Бірақ уақытында таратылмай ысырап болды.

Облыста әлеуметтік дүкендерге арналған тауарға жауапты «Байқоңыр әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы қалдықтар 25 мамыр күні жойылғанын растады.

Арнайы жиында аймақ басшысы бұл корпорация басшысының қателігі екенін, ысыраптың алдын алуға болатынын айтты.

«Самат Нұрахметұлы, шынында, бұл әрекет тұрғындардың ашу-ызасын туғызды. Мәселенің бұрыннан бар екенін біле тұра, мамандарыңызбен бірге қоймадағы өнімдерді басқа мақсатқа пайдалану жолдарын қарастыру керек еді. Бұл жұмыс та жасалмаған. 126 тонна өнім жарамсыз болғанша шірігенін күтіп, оны пайдаға асырудың балама жолдарын іздемегенсіздер. Бұл сіздің басшы ретінде жұмысты тиісті деңгейде үйлестіре алмағандығыңызды көрсетеді. Елге жанашырлық таныта алмайтын адамдарға біздің арамызда орын жоқ», – деді Нәлібаев.

Осы жағдайдан кейін «Байқоңыр» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Самат Ерниязов қызметінен босатылып, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаевқа қатаң сөгіс жарияланды.

Аталған оқиға бойынша арнайы комиссия құрылды. Мамандар мәселенің мән-жайы анықтайды.

Айта кетері, әрбір облыста әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация бар. Осы ұйымдар әлеуметтік маңызы бар 19 тауарды жыл сайын қоймаға сатып алып отырады. Ал баға көтерілгенде оны дүкендерге таратып, қымбатшылыққа жол бермеуге тырысады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: