Бейсенбі, 02 мамыр, 03:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

15 наурыз – Қайырымдылық күні

15.03.2024

129 0

Сурет: облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Биылғы жылы Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа тұжырымдамасына сәйкес 15 наурыз – Қайырымдылық күні болып белгіленді.

Бұл күні облыс көлемінде 21 игі істер марафоны ұйымдастырылады. Атап айтқанда, тұрмысы төмен көпбалалы отбасылар, мүгедектігі бар адамдар мен жалғызбасты қарт кісілер, жетім және қамқоршысынан айырылған балалар, облыс бойынша барлығы 3000-ға жуық отбасыға азық-түліктей қайырымдылық көмектер көрсету басталады.

Аймақтағы ерікті жастарды ұйымдастыру арқылы Қызылорда қаласы және аудан орталықтарындағы ардагерлер үйі орналасқан ғимараттар және Ұлы Отан соғысы, еңбек және тыл ардагерлерінің үйлеріне барып, «Ардагерлерді ардақтайық» атты қыс мезгілінен кейінгі тазалық, абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.

«Жақсылық жолымен» тақырыбында меценаттарды, қайырымдылық ұйымдары мен еріктілерді марапаттауға арналған салтанатты шаралар өткізіледі.

Бұған қоса, «Анаға тағзым» орталығында «Шарапатты Рамазан» атты ауызашар қоржынын тарату шарасы өтеді.

«Қазақстан Халқына» қоғамдық қоры арқылы 1231 балаға жазғы демалыс орындарына жолдамалар беріледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: