Жексенбі, 28 сәуiр, 00:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

17 наурыз – Шаңырақ күні

17.03.2024

434 0

Сурет: қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі

Наурыз мерекесін тойлаудың жаңа форматына сәйкес, «Наурызнаманың» онкүндігі аясында 17 наурыз – Шаңырақ күні болып бекітілген болатын.
Бұл күн жарасымды жанұялардың береке-бірлігін насихаттау арқылы отбасы құндылықтарын кең көлемде дәріптеуде айрықша маңызға ие болды.

Қазақы қаймағы бұзылмаған Сыр өңірінде «Шаңырақ күні» аясында 30-дан астам мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, қала және барлық аудандарда ерекше тойланды. Әсіресе, жарасымды жанұялар, оның ішінде 50 жыл отасқандар арасында «Алтын шаңырақ», ал 25 жыл отасқан отбасылар арасында «Күміс кереге» атты ауқымды байқаулар өткізілді.

Сондай-ақ, «Ұлттық мереке – ұрпаққа өнеге» тақырыбында облыстық және аудандық «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаз отбасылары жаңадан шаңырақ көтерген жас жұбайлардың неке қию салтанатына қатысып, өздерінің ізгі тілегі мен ақ батасын берді.

Бұдан бөлек, атаулы күнге орай, облыс орталығындағы «Отбасы орталығы» мен «Анаға тағзым» орталығында «Ашық есік» күндері өтті.
Сонымен қатар, Отбасы орталығында «Жарасымды жанұя» отбасылық танымдық шара ұйымдастырылды. Ал жаңа туған сәбилердің ата-аналарына «Наурызбазарлық» естелік сыйлықтар берілді.

Барлық аудандарда Шаңырақ күніне орай отбасы құндылығын насихаттауға арналған танымдық іс-шаралар ұйымдастырылып, салт-дәстүр рәсімдері өтті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: