Дүйсенбі, 26 ақпан, 06:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№16 (2026)
24.02.2024
PDF мұрағаты

20 бала суға кеткен

07.07.2021

1094 0

Аймақта жыл басынан бері суға кету дерегі бойынша 30 оқиға тіркелді. Қаза болған 35 адамның 20-сы бала. 3 жастағы сәбиден бастап 15-16 жас аралығындағы жасөспірімдер тілсіз жаудың құрбандары болды.

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммункациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстық ТЖД бастығының орынбасары Саид Молдақараев мәлімдеді.

-Сырдария өзені жағалауы және қала, аудан аумағында орналасқан су айдындарында тұрғындарға, әсіресе жастар мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жауапты сала мамандары тартылды. Күнделікті 13:00-20:00-ге дейін рейдтік және патрульдеу іс-шаралары ұйымдастырылуда. Балық аулайтын орындарда 563 рейд өткізіп, 5606 адамға судағы қауіпсіздік ережелері бойынша түсіндіріп, үнпарақтар таратылуда. Қазіргі таңда, 24 адамға ескерту шарасы көрілді. Ескертетін жайт, қоршау белгілерінен асуға, көпірлерден, дамбалардан, қайықтардан суға секіруге және сүңгуге, таныс емес орындарда шомылуға болмайды. Сондай-ақ ата-аналарға балалардың бақылаусыз су жағасына жібермеуін сұраймыз, -деді Саид Шазындаұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: