29 тамыз Жамбыл облысындағы жарылысқа байланысты Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Твиттерде мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Жамбыл облысының Байзақ ауданында адам өліміне әкеп соққан қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Қаза тапқан әскери қызметкерлер мен құтқарушылар шынайы ерлік пен қайсарлық танытты. Олар халықтың жадында мәңгі қалады», – деп жазды Тоқаев.
Еске сала кетейік, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде 19:00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан белгісіз заттардың жарылыстары орын алды. Барлығы 10-ға жуық жарылыс болды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!