Конституция

Бейсенбі, 02 шiлде, 13:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№49 (2261)
30.06.2026
PDF мұрағаты

Халық – биліктің қайнар көзі

02.07.2026

32 0

Фото: Қармақшы ауданы, Ақжар ауылдық округі

Бүгін, яғни 1 шілдеден бастап мемлекеттік басқару жүйесін түбегейлі жаңғырту жұмысы ресми түрде бастау алды. Бұл – еліміз үшін жаңа тарихи кезең.

Халық – биліктің қайнар көзі


Жаңа конституцияның алғашқы баптары өзгеріссіз қалған. Онда Қазақстанның демократиялық, зайырлы және унитарлы мемлекет екені айтылған. Оған қоса биліктің бірден-бір қайнар көзі – халық екені тағы да нақтыланған. Ешкімнің мемлекеттік билікті өз бетінше иеленуіне жол берілмейді және мұндай әрекет үшін жауапкершілік қарастырылған.

Халық – биліктің қайнар көзі


Жаңа Конституцияның жаңашыл өзгерістеріне, біз – өзімізде ере білуіміз қажет. Елдігімізді сақтап, мемлекетіміздің дамуына өз деңгейімізде қызмет атқаруға тиістіміз.
Қазақстан Республикасының бір ауылы Ақжар ауылдық округінде 386 қожалық, 1784 тұрғын тұратын болса, олардың арасынан жеке кәсібін жүргізіп отырған 72 отбасы бар.
Ірі шаруашылық, 2 шағын шаруашылық егінмен айналысса, 2 кооператив «Ауыл аманаты» аясында 58 млн теңге көлемінде несие алып, бірі сүт жинау, тасымалдаумен, екіншісі жем-шөп дайындаумен айналысуда.
Биылғы жылы облыстық бюджеттен екі көшеге күрделі жөндеуге 283,0 млн теңге қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Әлеуметтік жағынан қорғалған тұрғындарымыз, рухани жағынан да үлкен жетістіктерге жетіп отыр. Жастарымыз бен оқушыларымыз халықаралық, республикалық, облыстық байқаулармен жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп, ауылымыздың мерейін тасытуда.
«Ел болам деген ұлт- бесігін түзейді» деген, бүгінгі ұрпақ, ертеңгі болашақ. Мемлекетіміздің ертеңгі болашағының жарқын болатындығына сеніміміз кәміл.

Нұржамал Бектайқызы,
Қармақшы ауданы, Ақжар ауылдық округінің әкімі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: