Жексенбі, 05 мамыр, 06:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

40 жастағы келіншек үшем дүниеге әкелді

05.04.2024

362 0

Сурет: massaget.kz

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданының 40 жастағы тұрғыны, көпбалалы ана Жансауле Доспанова үш ұлды дүниеге әкелді, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Нәрестелердің салмағы – 1990, 1975 және 1728 грамм болды. Батыр анаға дәрігерлер кесарь тілігі арқылы ота жасап, босандырып алған. Қазіргі таңда мерзімінен бұрын туған сәбилердің жағдайы бірқалыпты.

Бәйдібектік «батыр ана» бүгінде 8 баланың анасы атанып отыр. Үшемдерге туыстары Нариман, Нұриман және Нұрман есімдерін қойған. Батыр ана үшем босанатынын алғаш естіген кезде қобалжығанын айтады. Оның айтуынша, 5 балалы болған соң, сәбилі болуды жоспарламай жүрген.

«Күтпеген жерден дәрігерге қаралып, үшемді болатынымды естігенде басқаша сезімде болдым», – дейді батыр ана.

Мерзімінен бұрын дүние есігін ашқан нәрестелерге жансақтау бөлімінің мамандары тарапынан ерекше күтім жасалған. Мәліметтерге сәйкес, Түркістан облысының №2 перинаталдық орталығында 2024 жылы 24 егіз бен 1 үшем дүниеге келген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: