Бейсенбі, 02 мамыр, 22:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

8-қабатқа жаяу көтерілген тұрғын қайтыс болды

22.02.2024

448 0

Сурет: olx

Жасы 70- ке келген зейнеткер 8-ші қабатқа көтеріліп, қайтыс болды. Оқиға Орал қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде орын алған – деп хабарлайды aqmeshit-aptalygy.kz ақпарат агенттігі Уральская неделяға сілтеме жасап.

Күйеуана Мәншүк Құдабаева Сырым Датов көшесіндегі тоғыз қабатты жатақханада тұрған. Ол лифтінің істен шығуына байланысты сегізінші қабатқа көтерілуге ​​мәжбүр болған. Себебі күнде кішкентай немересін балабақшаға апаратын болғандықтан, лифт жұмыс істейді деген үмітпен сегізінші қабаттан бір көтеріліп, түсіп жүрген. Алайда зейнеткер осыдан бір апта бұрын сегізінші қабатқанда көтерілгеннен кейін қайтыс болды.

Тұрғындардың айтуынша зейнеткер көңілді, ақкөңіл болған.

Көрісіп қалғанда Мәншүк: «Қайдан демеуші іздейміз? Біз тіпті үйден шықпаймыз, бөлмелерімізде отырамыз. Мен осы немерем үшін далаға шығамын, қызым вахтада жұмыс істейді, қаласамда, қаламасамда немеремді балабақшаға апаруым керек», деп айтқан – дейді тұрғын.

Сондай-ақ көршісі Серік Қодаров зейнеткердің неден қайтыс болғанын журналистерге айтып берді.

«Мәншүк енді арамызда жоқ, қайтыс болды. Ол әдеттегідей сегізінші қабатқа жаяу көтерілді. Пәтерге кіруге де үлгермей, есінен танып құлап қалды. Сосын комаға түсті. Жедел жәрдем келді, бірақ ол есін жимай қайтыс болды. Олардың айтуынша, сегізінші қабатқа көтерілгеннен кейін қан қысымы күрт көтеріліп кеткен», – деді Серік Қодаров.

Бұған дейін облыстық мәслихат депутаттарының бірі жатақхананы аралап, жеделсаты жөндейтін демеуші іздеу керектігін айтқан.

«Бұл көпқабатты үйдің жоғарғы қабатында зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар тұрады. Лифт кезекті рет істен шығып тоқтаған соң, бір жылға жуық уақыттан бері жұмыс істемейді. Тұрғындар оны жөндеуге 1 миллион 200 мың теңге қажет дейді. Оларға бұл ақшаны өздері жинауға кеңес берілді, бірақ зейнеткерлер бұл қаржылық шығындарды табатындай мүмкіндіктері болмады. Олар 100 мың теңге зейнетақысының тең жартысын дәрі-дәрмекке жұмсайды», – делінген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: