Жұма, 03 мамыр, 02:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Хабарлама – монополияға қарсы әсер ету құралы

21.04.2023

563 0

Бүгінгі таңда монополияға қарсы орган Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) болуы туралы хабарлама монополияға қарсы әсер ету құралын белсенді қолданады.

Бұл құралдың мақсаты монополияға қарсы орган бұзушылық белгілерінің бар-жоғын анықтаған кезде тергеу жүргізбей және әкімшілік жауапкершілікке тартпай алдын алу шараларын қолдану.

Яғни, іс жүзінде бұл құрал Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуына жол бермеу үшін алдын алу шарасы ретінде қарастырылады.

2018 жылдың ортасына дейін Хабарлама тек үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілеріне және тек осындай жағдайды теріс пайдалану белгілері бойынша берілді.

Алайда 2018 жылдың ортасынан бастап бұл құралды жосықсыз бәсекелестіктің барлығы дерлік жағдайларына (үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану, нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттері, нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы сатылас келісімдері), сондай-ақ мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) де қолдануы кеңейтілді.

Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 199-бабына сәйкес монополияға қарсы орган монополиялық жоғары баға белгілеу, нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісімдері және экономикалық қызметті үйлестіру белгілерін қоспағанда, бұзушылықтардың барлық түрлері бойынша хабарлама жібереді.

Егер Хабарламаны алушы сол Хабарламада көрсетілген бұзушылық белгілерін жойса, алушыға қатысты монополияға қарсы ден қою шаралары қолданылмайтынын және әкімшілік жауаптылыққа тартылмайтынын атап өту маңызды.

Хабарлама монополияға қарсы орган заңнаманы бұзу белгілерін анықтаған сәттен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жіберіледі.

Өз кезегінде Хабарламаны орындау және орындалуы туралы ақпарат беру мерзімі нарық субъектісі және (немесе) Мемлекеттік орган осы Хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 30 күнді құрайды.

Орындауға қосымша уақыт қажет болған кезде субъектілер орындау мерзімін тағы 30 күнтізбелік күнге ұзартуды сұратуға құқылы. Тиісті өтінішті бастапқы мерзім аяқталғанға дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей жолдау қажет.

Марат Айтхожа,

 ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің

Қызылорда облысы бойынша департаменті

Тергеп-тексеру бөлімінің бас маманы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: