Сенбі, 04 мамыр, 08:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

«Әлеуметтік кодекстің» әлеуметке пайдасы қандай?

11.07.2023

478 0

Көптен бері айтылып, талқыланып жүрген маңызды құжат – «Әлеуметтік кодекс» шілденің алғашқы күнінен бастап күшіне енді. Халықты әлеуметтік қолдауға бағытталған, тіпті ТМД аумағында алғаш рет қолданысқа еніп отырған бұл құжаттың әлеумет үшін пайдасы қандай болмақ? Кодекс халықтың жағдайын жақсартуға қалай әсер етпек?

Маңызды құжаттың маңызы туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова атап айтқан еді. Оның айтуынша, әлеуметтік кодекс адамның өмір сүру кезеңін түгел қамтиды. Яғни дүниеге келген күннен бастап, қарттық шақтағы өмір маңызды құжатта қамтылған. Құжатта туғаннан кәмелет жасқа толғанға дейінгі әлеуметтік қолдау, еңбекке қабілетті жаста жұмыспен қамту, еңбек қауіпсіздігі, әлеуметтік сақтандыру шаралары, өмірлік қиын жағдай туындаған кезде берілетін әлеуметтік көмек және жасы ұлғайған шақтағы қолдау көзделген. Енді әлеуметтік қолдаудың барлығы осы бір құжат арқылы реттеледі.

Вице-премьер атап айтқандай, маңызды құжатта ана мен баланы әлеуметтік қорғау мақсатында қандай шаралар жүзеге асатыны кодексте көрсетілген. Атап айтқанда, жыл басынан бастап бала күтіміне байланысты төлемдер мерзімі 1,5 жасқа дейін ұзартылды. Бүгінде мұндай көмекті 450 мыңнан астам отбасы алды. Жыл соңына дейін 800 мыңнан астам отбасы қамтылады деп болжанып отыр;

1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған атаулы әлеуметтік көмек ақшалай берілуде. Жыл басынан бері мұндай көмек 171 мыңнан астам балаға көрсетілді. Жыл соңына дейін 212 мың балаға берілмек;

1 шілдеден бастап «Алтын алқа» төсбелгісімен марапатталған көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері 7,4 айлық есептік көрсеткішке дейін артып, 90 мың анаға төлене бастайды.

Кодексте мүгедектігі бар азаматтарға да көп көңіл бөлінген. Негізгі мақсат – мүгедектігі бар азаматтардың жәрдемақыларын көбейту. Сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтерді қолжетімді ету.

Ол үшін осы жылдың 1 шілдесінен бастап мүгедектігі бар адамдарға, оларға күтім жасайтындарға, асыраушыларынан айырылған отбасыларға төленетін жәрдемақы мөлшері 14,5%-ға көбейеді. Жыл басында жәрдемақы мөлшерінің 8,5%-ға өскенін ескерсек, төлемдердің мөлшері жалпы 23%-ға артады. Сондай-ақ мүгедектігі бар азаматтардың күтушілеріне еңбекақымен қоса зейнетақы жарналары төленіп, олардың толық зейнетақы алу құқығына ие болу мүмкіндігі қарастырылды.

Сонымен бірге осы санаттағы азаматтардың және қоғамдық ұйымдардың ұсынысы бойынша:

– «Спина бифида» диагнозы қойылған 242 азаматты сапалы катетерлермен қамтамасыз ету мәселесі толық шешілген. Бұған қажетті 328 млн теңге республикалық бюджеттен бөлінеді;

– азаматтарға берілетін гигиеналық заттардың нормативі 2 есе артты. Ол үшін жергілікті бюджеттен 5 млрд теңге қарастырылған;

– менталды ауруы бар балаларды шипажайлық-курорттық емдеу денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе отырып, пилотты түрде жүргізілетін болады. Алдағы жартыжылдықта өңір басшылары осы санаттағы 1 126 баланы шипажайда емдеуді қарастырып, қажетті қаражат бөлінген;

– инватакси мәселесін түпкілікті шешу үшін Яндекс таксимен келіссөз жүргізілді. Алматы мен Астана қалаларында осы платформаның қызметі мүгедектігі бар азаматтар үшін қолжетімді болмақ.

 – Сонымен қатар кодексте арнаулы әлеуметтік қызметтердің жан басына шаққандағы нормативтерін 2025 жылдан бастап енгізу қарастырылған. Мұндай өзгеріс алғаш рет енгізілетінін ескеріп, пилотты түрде бастауды жөн көрдік. Шілде айынан бастап 7 өңірде сыйымдылығы 50 баладан аспайтын шағын үйлерде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жобасы пилоттық түрде жүргізілетін болады», – деді Премьер-министрдің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.

Оның айтуынша, соңғы кезде жиі көтеріліп жүрген түйткілдің бірі – сапалы оңалту құралдарына деген сұраныс. Бұл мәселені шешудің 2 жолы қарастырылуда:

Балалардың оңалту құралдарына қол жеткізуіне мүмкіндік беретін «Техникалық оңалту құралдары инновациялық фабрикасы» жобасы биыл басталады. Бұл жоба Қазақстан халқына қорымен бірлесіп қолға алынады.

 Сонымен қатар зейнетақы мөлшерін арттыру және жүйенің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жыл басында базалық және еңбек зейнетақыларының мөлшерін есептеу параметрлері өзгертілді. Саралап көтеру механизмін қолдану нәтижесінде ең төменгі базалық зейнетақы көлемі 21%-ға дейін өсті. Бұл зейнетақысы аз зейнеткерлер үшін әлеуметтік қолдау екені сөзсіз. Ал болашақ зейнеткерлер үшін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс берушілер тарапынан қосымша зейнетақы жарналары төленеді.

Бұдан бөлек кодексте салымшылардың өз активтерін басқару құқығын кеңейтуге қатысты өзгерістер енгізілді. Салымшыларға зейнетақы жинақтарының 50%-ынан аспайтын бөлігін активтерді басқару компаниясына беру және мұндай компанияны өздері таңдау құқығы беріледі.

Жыл басынан қолданысқа енгізілген Отбасының цифрлық картасы проактивті қызмет көрсету құралы ретінде толыққанды жұмыс істеуде. Есепті кезеңде 800 мыңнан астам азаматқа проактивті қолдау шараларын ұсынуға SMS жолданған. Оның ішінде 650 мың азаматқа төлемдер проактивті түрде, 95 мың азаматқа «Азаматтарға арналған үкімет» ұйымы арқылы тағайындалды.

– Ендігі кезекте, Отбасы картасы әрбір аймақ әкімінің әлеуметтік тәуекелдердің алдын алу құралына айналуы керек. Қазір осы бағытта өңірлермен тығыз жұмысты бастадық. Кодекстің аталған нормаларын іске асыруға қажетті нормативтік құқықтық актілер толық даярланғанын және 1,5 млн-нан астам азаматтардың жәрдемақылары қайта есептелініп, 1 шілдеден бастап төленеді», – деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Маңызды құжаттың Қызылорда қаласында жүзеге асу барысына келсек, 2023 жылдың 1 маусымына қала бойынша тіркелген жұмыссыздардың жалпы саны 7 310 адамды құрап, тіркелген жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құраған.

Жыл басынан 5 577 жаңа жұмыс орындары ашылып, 1 556 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Халықтың аз қамтамасыз етілген «әлжуаз» топтарын әлеуметтік қолдау мақсатында 2023 жылдың 1 маусымына мемлекеттік атаулы көмекке 2023 жылға 2 397,1 млн теңге  қаржы бөлінген.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Кенжегүл Құрақбаеваның айтуынша, жыл көлемінде қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі арқылы 99 093 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде 35 853 адамға атаулы әлеуметтік көмек төленіп, 11 398 балаға кепілдендірілген әлеуметтік топтама берілді. 5325 адамға тұрғын үй көмегі көрсетілді. Жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 3970 адамға әлеуметтік төлем жүргізілген.

Халықтың аз қамтамасыз етілген «әлжуаз» топтарын әлеуметтік қолдау мақсатында 2023 жылдың 1 маусымына:

Мемлекеттік атаулы көмекке 2023 жылға 2 397,1 млн теңге  қаржы бөлінді.

Оның ішінде:

– Шартты әлеуметтік көмекке 4 267 отбасының  22 730 адамына 1 059,4 млн теңге тағайындалып, 4 127 отбасының 21 981 адамына 849,0 млн теңге төленді.

– Шартсыз әлеуметтік көмекке 1 306 отбасының 5 213 адамына 403,4 млн теңге тағайындалып, 1 275 отбасының 5 096 адамына 320,8 млн теңге төленді.

Сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың 1 жастан 6 жасқа дейінгі 8 227 балаға 140,8 млн теңгеге кепілдендірілген әлеуметтік топтама берілді.

Орта білім беру ұйымдарында оқитын алтыдан он сегіз жасқа дейінгі балалары бар мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы табысы аз отбасылардың  6800 баласына жолда жүру ақысына 187,7 млн теңге бөлініп, 6 985 балаға 79,2 млн теңгесі төленді.

Атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек алушылар болып табылатын жеке тұлғаларды телевизиялық абонеттік жалғамалармен қамтуға 0,8 млн теңге бөлінді.

Тұрғын үй көмегі бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (электр, газ, жылу, ауыз су және кәріз су қызметтерін тұтыну төлемі, күрделі жөндеу қызметтеріне) 2023 жылы жергілікті бюджеттен 65,1 млн теңге бөлініп, 01.06.2023 жылға 1017 отбасыға 20,9 млн теңге төленді. 

Үйі өртенген азаматтарға материалдық көмекке 20 отбасына 10,3 млн теңге бөлініп, 7 отбасына 3,6 млн теңге төленген.

ҰОС-қа қатысушылары мен мүгедектеріне, қаза тапқан жауынгерлердің қайтадан некеге отырмаған жесірлеріне, концлагерьдің бұрынғы жасы кәмелетке толмаған тұтқындарына Ұлы Отан соғысында қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО медалымен, ордендерімен наградталған тыл ардагерлеріне Ұлы Отан Соғысы жылдарында кемінде 6 ай жұмыс істеген тыл ардагерлеріне Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 78 жылдығына  облыстық және қалалық бюджеттен 881 адамға 124,6 млн теңге қаралып, 807 адамға 114,1 млн теңге төленді.

Ауған соғысының, Тәжікстан – Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауға, Ирактағы халықаралық бітімгершілікке, Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысқа қатысушыларына және Чернобыль, Семей апатынан зардап шеккен азаматтарына,  ЧАЭС апаттық салдарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына бір жолғы әлеуметтік көмекке 928 адамға 124,9 млн теңге бөлініп, 930 адамға 124,3 млн теңге төленді.

Мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезден емделудің сүйемелдеу сатысындағы азаматтарға қосымша тамақтануға берілген әлеуметтік көмекке 320 адамға 132,5 млн теңге бөлініп, 399 адамға 41,7 млн теңге төленді.

Лейкоз ауруымен ауыратын балаларға әлеуметтік көмек ретінде 24 балаға 7,5 млн теңге бөлініп, 23 балаға 2,8 млн теңге төленді.

АИТВ-инфекция диагнозы бар диспансерлік есепте тұрған балалардың ата-аналарына берілетін әлеуметтік төлем 1 балаға 1,0 млн теңге бөлініп, 0,4 млн теңге игерілді.

Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына отын сатып алуға 695 адамға 9,6 млн теңге қаралды.

Облыс әкімі гранты бойынша өңірге қажет мамандықтар бойынша аз қамтылған халықтың осал тобынан шыққан студенттерге 2022-2023 оқу жылына оқу ақысы мен тамақтану және тұру шығындарына 136 студентке 115,5 млн теңге бөлінді.   

Әлеуметтік тапсырыс шеңберінде үкіметтік емес ұйымдардың қоғаммен байланыс орнату мақсатында Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлері мен мүгедектері арасында әлеуметтік маңызды іс-шараларды жүзеге асыруға 6,4 млн теңге бөлініп, 2,5 млн теңге игерілді.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын кешенді ыстық тамақпен қамту қызметіне 58,7 млн теңге бөлініп, 24,8 млн теңге төленді.

Сонымен қатар халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық, жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мақсатында «Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат үйіне» 100 орындық күндізгі болу жартылай стационарлық бөлімшеге – 203 адамға, «Белсенді ұзақ өмір» орталығына 198 адамға, «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталығына» 48 адамға, №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына 15 адам тұрақты мемлекеттік қамтамасыз етілуге жолданды.

Қызылорда қаласы бойынша жалпы мүгедектер саны 11 135 адам (1,2 топ – 4 585, 3 топ – 3 332), 3 218-і бала жасынан мүгедек.

Бөлім тарапынан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылдың 22 қаңтардағы №26 қаулысына  және «Мүгедектерді жеке оңалту бағдарламасына» сәйкес жыл басынан бері қала және қалаға қарасты ауылдық округтерде тұратын мүгедектер   гигиеналық   және арнаулы жүріп – тұру құралдарымен қамтамасыз етілді. «Мүгедектерді жеке оңалту бағдарламасына» сәйкес:

1 топ мүгедектеріне 930 жеке көмекшілердің қызметіне 1 305,7 млн теңге бөлініп, 1005 жеке көмекшіге 356,8 млн теңге төленді.

17 ымдау тілінің мамандарының қызметтеріне 69,5 млн теңге бөлініп, 22,7 млн теңге төленді. 

Мүгедектерді инватакси қызметімен қамтамасыз етуге 38,7 млн теңге бөлініп, 11,1 млн теңге игерілді.

Үйде тәрбиеленіп және оқылатын 500 мүгедек балаларды материалдық қамтуға 46,6 млн теңге бөлініп, 527 балаға 15,5 млн теңге игерілді.

Мүгедектерге гигиеналық құралдарға (памперс) 426,2 млн теңге бөлініп, игерілгені 286,2 млн теңге (3533 адам).

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен мүгедектігі бар адамдарға арналған компьютерлік орталық ұйымдастыруды жүзеге асыруға 5,6 млн теңге бөлініп, 1,7 млн теңгесі игерілді.

Жартылай стационарлық түрдегі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж тірек қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық патологиясы бар 35 мүгедек балаларға күндізгі стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге 34,0 млн теңге қаралып және үйде қызмет көрсету жағдайында мүгедектігі бар балаларға 7,9 млн теңге қаралды.

Қала бойынша әлеуметтік көмек көрсету бөлімінде 181 жалғызбасты азаматтар (мүгедектер, зейнеткерлер) есепте тұрады. Оның ішінде мүгедектер – 38 адам, 143 адам жасына байланысты зейнеткерлер. Оларға әлеуметтік қызметкер үйден түрлі әлеуметтік қызмет түрлері (азық-түлік, дәрі-дәрмек әкелу, коммуналдық төлемдерін төлеу, пәтерлеріне жеңіл тазалық жұмыстарын жүргізу және т.б.) көрсетіледі.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік қолдау мақсатында 210 бала есепке алынған.

Жұмысқа тартудың белсенді түрлерінің бірі – қалада  ай сайын бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізу арқылы жұмыссыздарға жұмыс берушілермен кездесуге мүмкіндік береді. Ағымдағы жылы 3 рет «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 90 мекемеден жұмыс берушілері мен қадр қызметкерлері қатысып, 583 бос жұмыс орындарына сұраныстар ұсынды. Өткізілген «Бос жұмыс орындары» жәрмеңке нәтижесімен 52 адам тұрақты жұмысқа тұрып, 360 адам кеңес алды.

2023 жылға қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 541 адамға, 150 203 мың теңге қаражат бөлінді.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грантттар беру  үшін  бюджеттен 380 адамға 524 400 мың теңге қаражат бөлінді. Қоғамдық жұмысқа 2185 адамға бюджеттен 1 808 837 мың теңге бөлініп, 2523 адам жұмысқа тартылып, 410 386 мың теңге игерілді. Әлеуметтік жұмыс орнына 289 адамға бюджеттен 239 292 мың теңге бөлініп, 145 адам жолданып, 22 292 мың теңге игерілді. Жастар тәжірибесі бойынша 1592 адамға 1 977 264 мың теңге бөлініп, бағдарлама аясында сұраныс берген 190 мекемеге 274 жас маман жолданып, 224 785 мың теңге игерілген. Алғашқы жұмыс орнына 463 жас маманға 575 046 мың теңге бөлініп, 26 жас маман жұмысқа жолданып, 18 775 мың теңге игерілді. «Ұрпақтар келісім шарты» жобасына 4 адамға 2 484 мың теңге қаражат бөлінді. «Күміс жас» жобасына 494 адам жұмыспен қамтылған.

Айта кетелік, биыл қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміна қарасты барлық орталықтар бір ғимаратқа шоғырланып, бір жерден қызмет көрсетуде. Бұл орталықта мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалған және бір терезе қағидатына сай қызмет көрсетуде.

Айта кету керек, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» ұлттық жоба аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 105 азамат жолданып, оның 92-сі тұрақты жұмыспен қамтылды.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша «Бастау бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқу курсын 5087 адам аяқтап, жаңа бизнес-идеяларды іске асыру бойынша 814 азамат мемлекеттік грантқа ие болды.

Сондай-ақ, «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» бағыты бойынша қоғамдық жұмыстарға 2942 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 206 адам, жастар тәжірибесіне 1108 жас маман, «Алғашқы жұмыс орны» жобасымен 71 жас маман, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасымен 5 адам, «Күміс жас» жобасымен 38 зейнеталды жастағы азамат жұмысқа жолданды. Аталған бағдарламалар арқылы жұмысқа жолданған азаматтардың 512-сі тұрақты жұмысқа орналасқан.

Жыл көлемінде қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі арқылы 99 093 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде 35 853 адамға атаулы әлеуметтік көмек төленіп, 11 398 балаға кепілдендірілген әлеуметтік топтама берілді. 5325 адамға тұрғын үй көмегі көрсетілді. Жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 3970 адамға әлеуметтік төлем жүргізілді.

Мүгедектігі бар тұлғаларды оңалту шараларын жүзеге асыру бойынша 1 топ мүгедектеріне 904 жеке көмекші, есту кемістігі бар адамдарға 17 ымдау тілі маманы, 13 инватакси қызмет көрсетті. Үйде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедектігі бар 507 балаға әлеуметтік төлем жүргізіліп, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал 225 отбасы ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

Айта кетелік, облыс орталығында жұмыссыздарды азайту, тұрғындардың кәсіппен айналсуына мүмкіндік жасау мақсатында түрлі шаралар, әлеуметтік жәрмеңкелер жүйелі ұйымдастырылып, нәтижесінде кәсіп бастаушылар қатары артып келеді.

Гүлмира МАҒЛҰМҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: