Жұма, 19 сәуiр, 21:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Халық қаласа, Назарбаевтың атын көше мен ғимараттан алып тастай алады – Әділет министрі

20.09.2022

889 0

Әділет министрі Қанат Мусин Назарбаевтың атын көше мен ғимараттан алып тастау халықтың еркінде екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев атындағы көшелер мен ғимараттардың атауын ауыстыру туралы сұрады.

Министрдің айтуынша, бәрін халықтың өзі шешеді.

«Барлығы қазақстандықтардың өзіне, сол қалада тұратын адамдардың еркіне байланысты. Себебі көшелердің атауына қатысты шешімді жергілікті билік органдары қабылдайды», – деді Мусин.

Оның айтуынша, қазіргі тәртіпке сәйкес, қаладағы көше немесе ғимарат атауын ауыстыру үшін алдымен қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырылады. Сол жерде халықтың пікірі ескеріледі. Одан кейін мәслихат пен ономастикалық комиссияның қарауына шығарылады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: