Жұма, 17 мамыр, 08:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

Өмір жолы өнеге

02.05.2024

395 0

Күләш Алматшаева 1951 жылы 12 сәуірде Қармақшы ауданында дүниеге келген. Ол Қармақшы ауданындағы орта мектепті оқып, бітірген. Сонан соң жоғарғы оқу орны Қорқыт ата университетіне түсіп, орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша тәмамдаған.

Ұстаздық жолын алғаш 1972 жылы 16 қарашада бастаған. Яғни № 235 мектептің ашылған уақытынан бастап қызмет жасаған алғашқы ұстаздардың бірі. Кейін кәсіподақ, мектептегі партия ұйымының басшысы мен  қалалық комитет бюросының мүшесі және мектеп директорының орынбасары қызметін атқарған.

             1982 жылы Күләш Алматшаева ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Мира Басарова екеуі  мектеп мұражайының негізін қалап, мұражайдың ішін толықтырып, жаңартып отырған.

             1989 жылы Алматыда өткен Республикалық «Мектеп мұражайлары және сыныптан тыс жұмыстар туралы» байқауға қатысып, 19 облыстың ішінен бірінші орынды иемденді.

2018 жылы «Нұр Отан» партиясының Алғыс хаты, Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану мұражайының Алғыс хатымен, «Мерейлі үміт» қоғамдық қорының Алғыс хаты және «Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығының Құрмет грамотасымен марапатталған. Сондай-ақ облыстық кәсіподақ комитетінің құттықтау хатымен, Облыстық ардагерлер кеңесінің Құрмет грамотасын және ҚР облыстық «Чернобыль» ардагерлер қоғамдық бірлестігінің Алғыс хатын алды. Сонымен қатар «Жағыландағы мұражай» жұмысы «Қосымша білім беру-балаларды тәрбиелеу, оқыту және дамыту әлеуеті» тақырыбында білім көшбасшыларының Республикалық Форумында үздік деп танылып, «Балалық шақ досы» және «Атамекен» төсбелгісімен марапатталды. Ал. 2023 жылы ҚР Ғылым және білім министрінің Құрмет грамотасына ие болды.

      Одан бөлек «Ыбырай Алтынсарин» атындағы, «Батыр шапағаты»  Бауыржан Момышұлы атындағы, «Астана 20 жылдық мерейтойы» және «Қызылорда – 200 жыл» мен  «Қорқыт Ата университеті» үздік түлегі, «К.Қаракөзов атындағы №235 орта мектебіне – 50 жыл» атты төсбелгісін алған.

      Қазіргі таңда   зейнеткер ұстаз, К.Қаракөзов атындағы №235 мектеп-гимназиясында орналасқан Рахат Қалыұлы Құлтанов атындағы «Атамекен» мұражайының және мектептегі «Кимешек» әжелер мектебінің жетекшісі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: