Бейсенбі, 25 сәуiр, 15:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Әскери азаматтар марапатталды

06.05.2021

2290 0

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен 7 мамыр – Отан қорғаушы күніне орай салтанатты жиын өтті. Жиында аймақ басшысы өңірдегі Қарулы Күштер, қорғаныс істері саласының әскери азаматтарына «Алғыс хат» табыстады.

– Сіздерді Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 29 жыл толуы мерекесімен құттықтаймын. Отан қорғау – күн сайынғы ерлік екенін ескеретін болсақ, қорғаушыларымыздың арқасында биыл Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын атап өтеміз. Осыған орай, егеменді еліміздің отын сөндірмей, қорғаныс жүйесін бекем ұстауда жылдар бойы өз үлесін қосып келген азаматтарымызды марапаттайтын боламыз, – деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

Марапатталушылардың қатарында облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының «Жұмылдыру және шұғыл жұмыстар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары Бауыржан Садықов, Қызылорда облысының аумақтық қорғаныс бригадасының 99215 әскери бөлімінің командирі, полковнигі Керимбай Ойықбаев, Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің Жаңақорған аудандық бөлімінің жасақтау бөлімшесінің бастығы Жасулан Шанкулов, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің, идеологиялық және кадрлық жұмыстары бөлімінің бастығы, майор Нурбек Абдиракинов, ҚР Қорғаныс министрлігінің 66597 әскери бөлімінің ефрейторы Шапағат Болатов, ҚР Ұлттық ұланының 5547 әскери бөлімінің батальон командирі, майор Жасулан Беркенов бар.

Жиын соңында Қызылорда облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Айдын Сағындықов көрсетілген құрметке алғысын жеткізіп, мерекемен құттықтады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: