Бейсенбі, 23 сәуiр, 18:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№29 (2241)
21.04.2026
PDF мұрағаты

Аймағымызда студенттер арасында халықаралық конференция ұйымдастырылуда

23.04.2026

69 0

Фото: Өнер орталығы

Бүгін Өнер орталығында облыс әкімінің бірінші орынбасары Жаналинов Данияр Еренғалиұлының қатысуымен «Денсаулық сақтау жүйесіндегі жас мамандар: медициналық колледждердің халықаралық диалогы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның салтанатты ашылуы болып өтті.

Аймағымызда студенттер арасында халықаралық конференция ұйымдастырылуда

Ашылу салтанатында алғаш болып Данияр Еренғалиұлы сөз алып, жиылған қауымды өңірiмiзде халықаралық деңгейдегi шараның ұйымдастырылуымен құттықтап, конференцияға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Аймағымызда студенттер арасында халықаралық конференция ұйымдастырылуда

Одан бөлек ҚР ДСМ Ғылым және адам ресурстарын дамыту департаментінің «Мейіргер ісін дамыту» басқармасының басшысы Гүлмира Алмағамбетова, «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай, Y-PEER өңірлік үйлестірушісі, UNFPA Kazakhstan өкілі Надежда Хе, Білім беру қорының президенті, «Global Sapa» халықаралық академиясының құрылтайшысы Тлектес Шинчужинова қатысып, iзгi ниеттерiн бiлдiрдi.

Аймағымызда студенттер арасында халықаралық конференция ұйымдастырылуда

Өнер орталығында ұйымдастырылған шара одан әрі концерттік бағдарлама мен Қызылорда медициналық жоғары колледжіндегi конференцияға ұласты.

Айта кетейік, конференция болашақ медицина мамандарының кәсіби және ғылыми әлеуетін біріктіру арқылы халықаралық ынтымақтастықты нығайту, медициналық білім берудегі инновациялық идеялар мен цифрлық технологияларды ілгерілету, сондай-ақ қоғам игілігі үшін мейірімділік пен жауапкершілік құндылықтарын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылуда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: