Сәрсенбі, 17 шiлде, 15:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№56-2066
16.07.2024
PDF мұрағаты

Алматы мен Талғар қаласында жер сілкінді

14.06.2024

387 0

Сурет:Furchin/Getty Images

14 маусымға қараған түні Алматы мен Талғар қаласында жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 34 км жерде орналасқан. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлайды.

Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпарат бойынша, ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2024 жылғы 13 маусымда Алматы уақытымен 22:25-те жер сілкінісін тіркеген.

«Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Қырғызстанмен шекарада Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 34 км жерде орналасқан», – делінген ведомство хабарламасында.

Жерасты дүмпуі Алматыда 1,6 баллТалғарда 1,4 балл болып сезілген.

Зардап шеккендер жоқ.

Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам

Төтенше жағдайлар министрлігі жер сілкінісі кезінде мына ережелерді сақтау керек екенін еске салды:

  • жер сілкінген кезде үрейленбеңіз;
  • жер сілкінген кезде лифт және баспалдақты қолданбаңыз;
  • жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;
  • жасырынатын жер табыңыз – жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыныңыз;
  • ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда);
  • көпқабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
  • кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
  • дабыл сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
  • электр желілерінен, ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
  • жер сілкінуіне дайын болыңыз;
  • қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.

Ақпарат көзі: kaz.nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: