Жұма, 11 қазан, 06:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

Алматыда 4 балдық жер сілкінісі тіркелді

28.02.2024

679 0

Сурет: qazaqstan.tv

Сейсмологтар 28 ақпан күні сағат 07.17-де тағы бір жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жер сілкінісінің ошағы Қытайда, Алматыдан 275 шақырым жерде орналасқан. Магнитудасы – 4,4.

Энергетикалық класы: 9.9. Тереңдігі: 5 км. Құрбан болғандар немесе қираулар туралы ақпарат жоқ, – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі «ННЦСН» және «И» ЖШС сейсмикалық стансалар желісінің мамандары.

Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ғылыми орталығының басшысы Дәулет Сәрсембаев көпқабатты үйде тұратын әрбір алматылық білуі керек 10 қарапайым ережені еске салды.

  • Сабырлы болыңыз, үрейленбеңіз;
  • Дүмпу кезінде лифт пен баспалдақты пайдаланбаңыз, үй ішінде дүмпудің басылғанын күтіңіз;
  • Жиһаздардан, терезелерден, шамдардан, люстралардан алысырақ болыңыз;
  • Тығылатын орын табыңыз – «өмір үшбұрышы» (көтергіш/негізгі/ішкі қабырғалардың бұрышынан орын алыңыз);
  • Ғимараттан шығу (көпқабатты үйлерде – жер асты дүмпулері тоқтағаннан кейін);
  • Суды, газды, электр қуатын өшіріңіз;
  • Алдын ала дайындалған «дабыл чемоданын» алыңыз;
  • Ғимаратты эвакуациялау кезінде электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан аулақ болу керек;
  • Жер асты дүмпулеріне дайын болыңыз;
  • Балаларға, қарттарға, мүгедектерге көмек көрсетіңіз.

Сейсмолог атап өткендей, Алматы 9-10 баллдық сейсмикалық аймақта орналасқан. Сондықтан төтенше жағдайға әрбір азамат дайын болуы қажет.  

Алматылықтар үшін жер сілкінісі болған жағдайда отбасылық немесе ұжымдық іс-қимыл жоспарын алдын ала жасау маңызды:

  • Жер сілкінісінен кейін отбасының жиналатын орнын алдын ала белгілеңіз;
  • Жер асты дүмпулерін күту үшін пәтеріңіздегі немесе үйіңіздегі ең қауіпсіз орындарды алдын ала анықтаңыз. Мұндай орындарға: негізгі ішкі қабырғалардың жанындағы орындар, ішкі негізгі қабырғалардан құралған бұрыштар жатады;
  • Ғимараттан ең қысқа қашу жолын анықтаңыз немесе ғимарат ішінде қауіпсіз орын алыңыз. Шкафтардың үстіңгі сөрелерінен ауыр заттар мен ыдыстарды алып тастау қажет.

Эвакуациядан кейін ауқымды төтенше жағдай туындаған кезде орналастырылатын жақын маңдағы қабылдау пунктіне бару керек. Алматыда зардап шеккен тұрғындарды қабылдайтын 384 пункт бар. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендер мен тұрғындарды қабылдау пункттері, әдетте, білім беру ұйымдарында – мектептерде, балабақшаларда, колледждерде, жоғары оқу орындарында орналасады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: