Жұма, 29 наурыз, 14:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Алматыда «үнді» штамы табылды деген қауіп анықталды

23.06.2021

1018 0

Алматыда коронавирустың «үнді» штамы табылды деген қауіп анықталды. Бұл туралы Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Алдын ала деректер бойынша, оның қала бойынша айналым ықтималдығы анықталды. Толық геномдық зерттеу үшін қосымша уақыт қажет», деді Байғабылов.

Бұған дейін Алексей Цой Нұр-Сұлтанда тіркелген коронавирус деректерін тексеру барысында «дельта» немесе үнді штамының белгілеріне ұқсас жағдайдың тіркелгенін айтқан болатын. Министр бұл штамның өзгелерден айтарлықтай ауыр екенін ескертіп, осыған байланысты өңірлерден дәрі-дәрмек пен медициналық көмекке қажетті барлық жабдықпен қамтылуды сұрады. 

«Дельта» немесе үнді коронавирус штамы аса контагиозды және анықталған штамдарға қарағанда 60 пайызға жұқпалы, қазіргі айналымдағы штамдар 1 адамнан орта есеппен 3-4 адамға таралатын болса, бұл штамм 5-6 адамға бірден жұғады және 7 күнге созылатын қысқа инкубациялық кезеңмен ерекшеленеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: