Дүйсенбі, 09 желтоқсан, 08:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Алтай Көлгінов Президентке Үкімет 200 мың жасты жұмыспен қалай қамтитынын айтты

19.04.2023

447 0

Үкіметтің кеңейтілген кеңесінде Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов биыл 200 мың жастың жұмыспен қамтылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Болжам бойынша жыл сайын еңбек нарығына 300 мың жас маман келетін болды. Оларды жұмыспен өалай қамтамасыз етеміз? Бұл мәселе бойынша арнайы бағдарлама бар ма?», – деп сұрады Президент Үкіметтің кеңейтілген кеңесінде.

Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгіновтің сөзінше, биыл наурыз айында тұжырымдама қабылданған.

«Биылдың өзінде 200 мың жас жұмыспен қамтылады. Бұл жаңағы «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», сонымен бірге шағын несиелер. Сондай-ақ ұжымдармен бірге бос жұмыс орындарына жастар жіберілетін болады», – деді вице-Премьер.

Айта кетейік, Үкімет үйінде Президент төрағалығымен елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өтіп жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: