Жұма, 17 мамыр, 11:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

Арал балығы елорда төрінде

17.09.2023

457 0

Еліміздің астанасы – Елорданың төрінде Қызылорда облысының тауарөндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді.

Жәрмеңкеде 60-қа жуық Сыр дихандары мен тауарөндірушілері 50 жүк автокөліктермен жалпы құны 200 млн. теңгені құрайтын 500 тоннаға жуық өнімдер елордалық тұрғындарға ұсынуда. Оның ішінде, облысымыздың брендіне айналған ақ күріші, балығы мен ас тұзы, қауын мен қарбызы, ұлттық сусындары жеткізілген.

10 тоннадан астам балық пен тұздалған, ысталған балық өнімдері, 3 тонна ас тұзы, және 135 тонна ақ күріш, 10 тонна ет, 30 тоннадай көкөніс пен жеміс-жидектер, 260 тонна бақша өнімдері, 10 тоннадай сүт өнімдері, 5 тоннаға жуық сөк, талқан және кондитер өнімдері арнайы үстелдерде орналастырылған.

Сондай-ақ, аймақта өндірілетін отандық өнімдерді қолдау мақсатында арнайы ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылған.

Мұнымен қоса, қала тұрғындарына ерекше көңіл-күй сыйлау үшін Сыр Елінің өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама өткен.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: