Жұма, 29 наурыз, 00:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Аралға көмек

20.07.2021

1762 0

Арал ауданындағы қуаңшылық жағдайын еңсеру мақсатында белгілі кәсіпкер Болат Өтемұратовтың қорынан 213 млн қаржы бөлінді. Қазіргі кезде бұл «Аралым айдын шалқарым» қоғамдық қорына аударылды.

Осыған орай аудандағы қоғамдық қордың құрылтайшысы Арғынбай Асанбаев бөлінген қаржының тиісті шараларға бағытталуын бақылау мақсатында арнайы комиссия құрды. Қордың қамқоршылық кеңесінің төрағасы болып, аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Алдаберген Жоланов тағайындалды. Комиссия құрамында журналистика саласының ардагері Шәкірат Дәрмағамбетов, зейнеткер Бөрі Дабылов, аудандық мәслихаттың депутаттары Темір Бисембаев, Дәуренбек Мәдинов және аудандық кәсіпкерлік палатасының директоры Нұрсәуле Ембергенова бар.

Алдағы уақытта Болат Өтемұратовтың қорынан бөлінген көмек аясында Арал ауданындағы аз қамтылған 800 жуық отбасы 900 (1 отбасына 1 тоннадан аса) тонна құрама жеммен қамтамасыз етілмек. Сонымен қатар Аманөткел елді мекеніндегі Аспай суағытқысын іске қосу, аудан орталығынан шалғай орналасқан елі мекендерге су таситын арнайы көлік алу, суармалы жайылымдық, егістік және шабындық жерлерді суландыру мақсатында су айдау насостарын әкелу жоспарлануда. Сондай-ақ алдағы жылдарға мал азығын дайындайтын сервистік орталық пен шөп оратын жасақтар құру үшін арнайы техникалар алу және Құланды елді мекенінен бір ұңғыма қазу жұмыстарын жүзеге асыру көзделіп отыр.

Осы жұмыстарды іске асыру барысындағы қаражаттың жұмсалуы мен жем-шөптің таратылуын бақылауды қоғам өкілдерінен құрылған арнайы комиссия жүзеге  асырмақ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: