Сейсенбі, 07 мамыр, 09:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Арыстанбек Мұхамедиұлы 8 жылға сотталды

21.06.2023

487 0

Бұрынғы мәдениет және спорт министрі, Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жұрт судьяны күтіп тұрған кезде журналистердің сұрақтарына жауап беріп жатқан Мұхамедиұлын қарауыл сот залынан алып кетті.

«Күштік құрылымнан ешкім қорыққан жоқ, себебі ең үздік адвокаттар осында» деді бұрынғы министр.

Мұхамедиұлын сот залынан алып кетуінің себебін ешкім түсіндірмеді.

Бұрынғы министрге Астанадағы Ұлттық музейдің директоры болып тұрған тұста «бюджет қаржысын жымқырды» деген айып тағылған. Оның соты сәуір айында басталған.

Бұған дейін прокурор Мұхамедиұлына 9 жыл түрме жазасын беруді сұраған.

Бұл іс бойынша айыпталған Алмаз Нұразханов, Азамат Көшенов және Айым Сәдуақасова 7 жыл түрме жазасын алды. Сот үкімі бойынша олар өмір бойы мемлекеттік қызметпен айналыса алмайды.

Жуырда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Дипломат» қонақүйін рейдерлік жолмен тартып алған деген күдікке ілінгенін мәлімдеген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: