Бейсенбі, 18 шiлде, 12:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№56-2066
16.07.2024
PDF мұрағаты

Ashyq: Әуежайға кіргізілмеген жолаушылар билет құнын қайтара алады ма

13.05.2021

1903 0

Ashyq қосымшасы арқылы қызыл немесе сары түсті мәртебесі анықталып, ұшуға жіберілмеген жолаушылар әуе компаниясына оны қалай дәлелдейді? Орталық коммуникациялар қызметінде жоба жетекшілеріне осындай сауал қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Ардақ Төлеповтің айтуынша, Ashyq қосымшасы адамның мәртебесін қызыл түсті деп анықтаса, жолаушыға билет құны толықтай өтеледі немесе қайта брондауға мүмкіндік беріледі. Ал сары түсті мәртебе анықталса, әуе компаниясы мен жолаушы арасындағы әуе тасымалының шарты бойынша төлем жүргізіледі

. «Қосымшаға жолаушының статусын анықтау тарихы мен күнін көрсету мәселесін тиісті министрліктермен және «Атамекен» палатасымен бірге пысықтап қосымша хабарлаймыз», – деді комитет өкілі. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупаеваның мәліметіне сүйенсек, билет құнын қайтар мәселесі әуе компанияларымен әлі пысықталып жатқан көрінеді. «Елдегі барлық әуе компаниялары қызыл түсті мәртебесі анықталған жолаушыларға билет құнын толықтай өтеп беруге, алы сары түсті мәртебесі болған жолаушыларға рейс мерзімін ауыстыруға мүмкіндік беруге келісіп отыр», – деді «Атамекен» өкілі.

Ол, сондай-ақ, Ashyq қосымшасында азаматтардың мәртебесін жүктеу деректері сақталмауықл мәселеде қиындық туғызбайтынын түсіндірді. «Адамдардың қосымшаға кіру уақытын қадағалау о баста қарастырылмаған болатын. Бірақ қызыл және сары түсті мәртебесі анықталғандар туралы мәлімет күн сайын жергілікті санитар дәрігерлерге келіп түсіп отырады. Санитар дәрігерлермен осы деректерді жолаушылардың дербес деректерін көтермей-ақ алу бойынша келісіп жатырмыз. Бұл бір жағынан азаматтардың жеке деректерін қауіпсіз ұстауға, екінші жағынан әуе компаниялары жолаушылардың билет құнын қайтару туралы өтініштерінің негізділігіне оңай көз жеткізуге мүмкіндік береді», – деді Юлия Якупбаева.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: