Сәрсенбі, 13 қараша, 00:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90-2100
12.11.2024
PDF мұрағаты

Ashyq жобасы мемлекет меншігіне өтті

24.05.2021

1559 0

«Ashyq» жобасы мемлекет меншігіне өтті. Бұл жайында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бағдат Мусин, «Ashyq» жобасы мемлекет меншігіне өткендіктен, жаңа мобильді қосымша дайындалып, бағдарламаның сапасы жақсаратынын мәлімдеді. 

«Бұл сервис жуырда мемлекеттің меншігіне берілді. Кеше осы қосымшаны жасаушы Виталий Пустовойтенкомен құжаттарға қол қойып, «ҰАТ» АҚ өз қарамағына алды. Дербес деректердің қауіпсіздігі үшін алаңдаудың қажеті жоқ – Ashyq-тың барлық серверлері «ҰАТ» АҚ-ның мемлекеттік сервер орталығының контурында қорғалған. Енді қосымша «ҰАТ» АҚ-ның жауапкершілігіне өткендіктен, egovMobile-да арнайы функционал әзірлеуге тапсырма бердім», – деп жазды министр Facebook-парақшасында.

Сонымен қатар ол Kaspi және Halyk банкілермен сөйлесіп, платформаларында функционалды жүзеге асыруға ұсыныс жасағанын атап өтеді.

«Ashyq бизнес пен клиенттер үшін маңызды болғандықтан, әріптестерім бұл идеяға түсіністікпен қарап жатыр. Кейін Ashyq-ты дамыту аясындағы жаңа сервистер мен платформалар жөнінде «ҰАТ» АҚ қосымша хабарлайтын болады», – деді Бағдат Мусин.

Қосымшаны жасаған В.Пустовойдың мәліметінше, бүгінде Ashyq-ты 1,7 млн атап жүктеп алған. Азаматтар Ashyq қосымшасы арқылы кәсіпкерлік нысандарына, қоғамдық орындарға кіреберісте QR-кодты сканерлеп, коронавирусқа қатысты өз мәртебесін көрсетуі тиіс. Мәртебесі «көк» және «жасыл» түсті азаматтарға ғана нысандарға кіруге рұқсат.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: