Сенбі, 20 сәуiр, 18:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Асламбек Мерғалиев Тоқаевқа еліміздегі сот жүйесін жаңарту жұмысы туралы баяндады

05.06.2023

440 0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады. Бұл туралы Ақорда ресми сайтында хабарлады.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Асламбек Мерғалиев мемлекет басшысына еліміздегі сот жүйесін жаңғырту жұмысының барысы туралы баяндаған. Жоғарғы сот төрағасы сот пен судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету, судьялар корпусын білікті заңгерлермен нығайту, сондай-ақ сот үдерісінде азаматтар мен бизнеске берілетін кепілдікті күшейту міндеттерінің орындалуы жөнінде айтқан. Сонымен қатар Асламбек Мерғалиев сот қызметін аналитикалық тұрғыда күшейту, облыстық сот төрағаларының жауапкершілігін арттыру үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде де мәлімет берген. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесіндегі реформаларды сапалы жүзеге асыру және қоғамның соттарға деген сенімін арттыру, сондай-ақ азаматтардың құқығын қорғауды күшейту жұмыстарын жалғастыру маңызды екеніне назар аударған.

https://kaz.nur.kz/politics/2023438-aslambek-mergaliev-toqaevqa-elimizdegi-sot-zuiesin-zangyrtu-zumysy-turaly-bayandady/

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: