Жұма, 03 мамыр, 07:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Астанада Яндекс курьерлері митингке шықты

10.07.2023

470 0

9 шілде кешке Астанада «Яндекс» компаниясының курьерлері ереуілге шықты. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Көшеде ондаған мопедшілер жиналды. Ереуіл орнына құқық қорғау органдарының қызметкерлері келген.

Астана қаласының полиция департаменті «Яндекс» курьерлері жол қозғалысына кедергі келтіргені үшін жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді.

«9 шілдеде сағат 21:00 шамасында ЕХРО аумағында еңбек жағдайларына наразы болған «Яндекс» компаниясының курьерлері жиналды. Содан кейін жастар Қабанбай батыр даңғылындағы «Қазақстандық күн» монументіне скутерлермен барды”, – деп мәлімдеді ПД.

Оларды полиция қызметкерлері тоқтатып, Есіл ауданының полиция басқармасына жеткізген.

“Талқылаулардан кейін акцияға қатысушылар ӘҚБтК-нің 615-бабы, 1-бөлігі «Жаяу жүргіншілердің және жол қозғалысының өзге де қатысушыларының қозғалыс ережелерін бұзуы» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деп түсіндірді елорда ПД. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: